Бай әйел алған өмір бойы құл болып өтеді.
***
Бай малының ағымен бұлданады,
Ағы үшін жарлылар құлданады.
***
Байға құл болғанша,
Байқұсқа ұл бол.
***
Баланы асырай алмасын деп күңге береді,
Ұялтайын деп қызға береді.
***
Баланы Құдай асырай алмасын деп күңге берер,
Масқара болсын деп қызға берер.
***
Баланың бір көзі жоқ,
Малайдың екі көзі жоқ.
***
Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі,
Құл да өледі, қожайын да өледі.
***
Барымта алған мал болмас,
Қуып алған күң болмас.
***
Басқа елде хан болғанша,
Өз еліңде құл бол.
***
Бассыз жерге жалшы айғыр,
Балықсыз көлге бақа айғыр.
***
Басыбайлы болса, соңы сайлы болар.
***
Баталы құл арымайды,
Батасыз құл жарымайды.
***
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
***
Баталы құлға бақ қонар.
***
Бәрің бірдей қойшы болма,
Құл боларсың.
Бәрің бірдей тойшы болма,
Қу боларсың.
***
Бек қайда барса, құлы сонда.
***
Берейін деген құлына,
Айдап салар жолына.
Бермейін деген құлына,
Іздесе табылмас пұлына.
***
Берейін деген құлына,
Онан-мұнан құралар.
Бермейін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.
***
Би айтқанды құл айтады,
Құл аузының дауасы жоқ.
***
Би білгенді құл да біледі,
Сөйлейтін ауыз болса.
***
Боран болса, бай жылар:
«Қырылады малым» деп.
Малайлар да ренжір:
«Қиналады жаным» деп.
***
Бұлттан шыққан күн ыстық,
Күңнен туған ұл ыстық.
***
Бұлтты күні күң таяқ жейді.
***
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.
***
Білімді жігіт жұртқа әрі басшы, әрі құл.
***
Біреуді қор тұтпа,
Өзіңді-өзің зор тұтарсың.
***
Біреуді қор тұтсаң, қор боларсың,
Біреуді зор тұтсаң, зор боларсың.
maqal-matel.kz
