А

Абайлап ұшпаған құс қанатынан айрылар.
***
Абылайдан басқа төре – ас еңбегі,
Түлкі алмайтын жаман бүркіт – ат еңбегі.
***
Ағаштың тоны – қабығы,
Құстың тоны – мамығы.
***
Адам соңында алты сауысқан.
***
Адасқан қаздай, руым аздай.
***
Адасқан қазды жиылған қарға жейді.
***
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
***
Айғырмен ойнаған ат арқасын алдырар,
Қаршығамен ойнаған қаз қанатын шалдырар.
***
Айдындағы аққуды
Ақылды мерген атпайды.
Ақ еркесін айдынның
Атуға қолы батпайды.
***
Айласыз ау құрған
Құс ұстай алмайды.
***
Ақ деген қуда
Бір шағым қу бар.
***
Ақ құстың баласы жалғыз жүріп оттамас.
***
Ақ шағала көрінді –
Алыс емес су жақын.
***
Аққу көлге, дуадақ шөлге.
***
Аққу көлге, ер елге паналайды.
***
Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
***
Аққу көкке, көбелек шөпке.
***
Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тидірмес.
Ер жігітке оқ тисе,
Қиналғанын білдірмес.
***
Аққу құстың төресі,
Жалғыз жатып оттамас.
Қас жақсының белгісі,
Қара сөзді қостамас.
***
Аққу – құстың төресі,
Жалғыз жүріп оттамас.
Қас жақсының белгісі –
Қара сөзді жақтамас.
***
Аққу ұшса, көлге қонады,
Сұмырай ұшса, шөлге қонады.
***
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
***
Ақпейіл еліне ерке,
Аққу көліне ерке.
***
Ақсары деген құс болады,
Баласы алғыр бес болады,
Қу ілері бір болады,
Қу ілмейтін жаманы
Құладын құсқа жем болады.
***
Ақсұңқар атқа ғашық,
Күйкентай жемге ғашық.
***
Ақсұңқар торға жолығар,
Арғымақ орға жолығар.
***
Ақсұңқар торға жолығар,
Арғымақ орға жолығар.
Менменсіген жігіт,
Өзінен зорға жолығар.
***
Ақ сұңқар түлесе, түк қалады.
***
Ақсұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт жортар ел үшін.
***
Ақсұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туар ел үшін.
***
Ақсұңқар, ұшқырмын деп мақтанба,
Алдыңда құрулы тор бар.
***
Ақсұңқар шашып жейді,
Жапалақ басып жейді.
***
Ақсұңқардың баласы,
Алдына қоймай жем жемес.
***
Ақсұңқардың баласы
Алдына қоймай ас жемес.
Анық жақсы баласы
Адамнан туса жат демес.
***
Ақсұңқар ұшамын деп мақтанба,
Алдыңда асқар таулар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба,
Алдыңда талай өрлер бар.
***
Ақша ақылды адамның да көзін тұндырады,
Ашкөздік ұшқан құсты да торға түсіреді.
***
Ақылды адам айтқызбай біледі,
Ақ сұңқар қақтырмай іледі.
***
Ақылды ердің көзін ақша байлайды,
Қыл тұзақта құс құлқынын ойлайды.
***
Ақымаққа айтқан сөз
Ағып жатқан сумен тең.
Ақылдыға айтқан сөз
Қолға қонған құспен тең.
***
Ала қанат сауысқан
Жер әлемді тауысқан.
***
Ала қарғада алажағың болсын.
***
Ала тауық сабан шашар,
Өз сырын өзі ашар.
***
Алақаннан жем жеген құс алысқа ұшпайды.
***
Ала қарға – азаншы,
Қара қарға – қазаншы.
***
Алдымен бөденені ұрып жық.
***
Алмас қанат қанша ұшса да, майырылмас,
Адал махаббат қанша кессе де, айырылмас.
***
Алса – құсым,
Алмаса – желпуішім.
***
Алса – құсым,
Алмаса – жылпосым.
***
Анадан алтау туғанша,
Жалғыз туса нетеді,
Елге тұлға болғалы;
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге айыр бұтақ бітсе, нетеді,
Құсқа тұғыр болғалы.
***
Аңғал алдындағы орды,
Ашыққан қарға торды көрмейді.
***
Аңқау құс торға аунайды,
Аңқау адам күлге аунайды.
***
Аңқауға қырғауыл қайда?
***
Аңшының қаршығасы болса,
Қоянның Тәңірісі бар.
***
Араны ашылған қыран не аңды алады,
Не аңшының өзін алады.
***
Арғымақ арыса қарға адым жер мұң болар.
***
Арғымақ, жүйрікпін деп мақтанба,
Алдыңда талай өрлер бар.
Ақсұңқар, алғырмын деп мақтанба,
Алдыңда құрулы торлар бар.
***
Арғымақтан жал кетсе,
Қарға адым жер мұң болар.
Қара көзден нұр тайса,
Жарық күнің түн болар.
***
Арғымақты жамандап,
Тұлпарды қайдан табарсың.
Ақ тұйғынды жамандап,
Сұңқарды қайдан табарсың.
***
Арман – адамға қанат.
***
Арманы жоқ жас –
Қанатсыз қарлығаш.
***
Арық атты түс те бақ,
Қарғып тұрса қанатың.
***
Арық аттың бабын тапсаң – тұлпар,
Күйкентайдың күйін тапсаң – сұңқар.
***
Арыстанның құйрығы болғанша,
Әтештің айдары бол.
***
Аспандағы құсты жердегі жем ұятқа қалдырар.
***
Аспандағы сұңқардан
Қолдағы тұрымтай артық.
***
Аспандағы тырнаны ұстаймын деп,
Қолыңдағы шымшығыңнан айырылма.
***
Асыққан үйрек көтінен сүңгиді.
***
Асықпа қарға,
Түсерсің қолға.
***
Асықпа, қарға,
Түсерсің торға.
***
Асыл құс аяғынан ілігер.
***
Ат аяған жерге қарар,
Құс аяған көкке қарар.
***
Ат өледі, құс қашады.
***
Ат өлсе – ер-тоқым үйіледі,
Құс өлсе – тұғыры күйінеді.
***
Атадан аздай, адасқан қаздай.
***
Атасы затсыз болса, баласы ауға шықса,
Қазы алатын құсын қарғаға салады дейді.
***
Атбегі – аттың тұяғына қарар,
Құсбегі – құстың қияғына қарар.
***
Атқанның құсын, жатқан байланар.
***
Аттың бәрі тұлпар болмас,
Құстың бәрі сұңқар болмас.
***
Атын бергісі келмеген
Елге қарайды,
Құсын бергісі келмеген
Жерге қарайды.
***
Ауған самұрықты құзғын көзге шұқыпты.
***
Аушы кеткенде,
Қарға тордағы жемге қарайды.
***
Ашыққан адам елге қонады,
Ашыққан бүркіт торға қонады.
***
Ашылмаған қауындай,
Жарылмаған жұмыртқадай.
***
Аю баласын жұмсағым дер,
Қарға баласын аппағым дер.
***
Аяқ – тұлпар,
Сөз – сұңқар.

maqal-matel.kz