Ә

Әділдік әкімдіктен де күшті.
***
Әділдік әкімге де, әлсізге де, әркімге де бірдей.
***
Әдіссіздік – әлсіздік.
***
Әйелге күш көрсету – ерлік емес,
Күшіңді өзіңе жұмса.
***
Әйелдің күші аз, айласы көп.
***
«Әит-шүу» деген атанға күш,
«Әуіп» деген жігітке күш.
***
Әке – ақылшы да, айбар, қормал да қорған.
Әкең болса, тозбайды айыл-тұрман.
***
Әл керек, айбар керек
Әлсіз айбар не керек.
***
Әлді адам шалқақ келеді,
Әлсіз адам жалтақ келеді.
***
Әлді берер,
Әлсіз безер.
***
Әлдіден бас жесең,
Тура бара тас жерсің.
***
Әлдіменен алыспа,
Күштіменен күреспе,
Байменен барып таласпа.
***
Әлсіз адам – жағымпаз,
Кербез адам – қырымпаз.
***
Әлсіз адам – сүріншек,
Ақылсыз адам – еріншек.
***
Әлсіз айыпты.
***
Әлсіз апат келтірер.
***
Әлсіз әр уақытта айыпты.
***
Әлсіз безер, әлсіздің алқымын әркім езер.
***
Әлсіз денеге ауру ұялайды.
***
Әлі жетпеген ақыретшіл,
Қолы жетпеген құдіретшіл.
***
Әлі жетпеген – әлек.
***
Әлі жетпеген сақалшыл келеді,
Билік білмеген мақалшыл келеді.
***
Әлі келген алып та жығады, шалып та жығады.
***
Әлі кеткен қасқыр ешкіні «апа» дейді.
***
Әлі жетпеген ақыретшіл болады.
***
Әлі жетпеген Аллашыл.
***
Әлі жетпеген Құдайшыл.
***
Әлі келмеген ақыретте алғанмен алтау болмас,
Жегенмен жетеу болмас.
Қаншама аузы болғанмен,
Құдай бергендей тіпті болмас.
***
Әлі келмеген Аллаға тапсырады.
***
Әлім келсе,
Арыс суын байлар ем.
***
Әлін білмеген әлек.
***
Әлін білмеген әлек,
Әліңді білсең керек.
***
Әлін білмеген әлек,
Құр өкпелеп не керек.
***
Әлін білмеген әлемге таңғалады.
***
Әлің барда еңбек ет,
Еңкейгенде емерсің.
***
Әсемдік әйелге, қажырлық ерге жарасады.

maqal-matel.kz