Б

Бабын таппай салғанмен,
Қыран бүркіт ұша алмас.
Жігіттікті қор қылған,
Сұлу қызды құша алмас.
***
Байға келін болғанша,
Кедейге қыз бол.
***
Бақшасында боғы жоқ,
Қызының атын Маржанбике қойыпты.
***
Бала – артта қалған із,
Бақыт – ұзатылған қыз.
***
Баланы асырай алмасын деп күңге береді,
Ұялтайын деп қызға береді.
***
Баланы Құдай асырай алмасын деп күңге берер,
Масқара болсын деп қызға берер.
***
Басы қараның бары игі,
Ұлсыздан да қызды игі.
***
Бәлекей қыз өспей ме,
Көкейіңді теспей ме!
***
Биылғы жыл қоян емес, көжек екен,
Мақаттың қыз алатын кезегі екен.
***
Бойдақ жігіт қыз келсе семіреді.
***
Бойдақ қыздың екі күн есі бар да, бір күн есі жоқ.
***
Бойжеткеннің ұяты – босағадан аттанғанша.
***
Бұру да болса, жол жақсы,
Соқыр да болса, қыз жақсы.
***
Бұрынғының қыздары
Қырмызы қызыл жібектей.
Ендігінің қыздары
Түбі түскен шелектей.
***
Білімсіз туған көп ұлдан,
Білімді туған қыз артық.
Білімсіз көп наданнан,
Білімді бір ер жүз артық.
***
Бір қыз күйеуге шықса,
Қырық қыз түс көреді.
***
Бір қыздың күйеуі келсе,
Қырық қыз қайық береді.
***
Бір қызымнан бір қызым сорақы.
***
Бір қылық хан қызында да болады.
***
Біреу қыз алып қашады,
Біреу қызығына қашады.
***
Біреу қырық жеті беріп қатын айттырады,
Біреу үйде жатып менікі дейді.
***
Біреудікі біреуге қыздай көрінеді.

maqal-matel.kz