А

Ағайынға менменсу –
Ағат емей немене?!
Ақылдылар айтқан сөз –
Сағат емей немене?!
***
Адам өз қалпынан асқан күні –
Пәлекеттің басқан күні.
***
Адамзаттың баласы кім болса да,
Жолда жатыр деп басып өтпе.
***
Адамсыған жігітті үйінде көр,
Атсынған айғырды үйірінде көр.
***
Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.
***
Азынаған айғырдың үйірін көр,
«А» деген жігіттің үйін көр.
***
Азынаған айғырдың үйірін көр,
Менменсіген жігіттің үйін көр.
***
Ай сұлу көрінер толғаннан соң,
Жігіт асып сөйлейді болғаннан соң.
***
Айхай, көкірек, не демейді сұм жүрек!
***
Ақсұңқар торға жолығар,
Арғымақ орға жолығар.
Менменсіген жігіт,
Өзінен зорға жолығар.
***
Ақсұңқар ұшамын деп мақтанба,
Алдыңда асқар таулар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба,
Алдыңда талай өрлер бар.
***
Ақсұңқар, ұшқырмын деп мақтанба,
Алдыңда құрулы тор бар.
***
Ақсұңқар, ұшқырмын деп мақтанба,
алдыңда құрулы тор бар.
***
Ақсұңқар, ұшқырмын деп мақтанба,
Алдыңда құрулы тұрған торлар бар.
Арғымақ, жүйрікпін деп мақтанба,
Алдыңда қазулы тұрған орлар бар.
***
Ақпейіл болсаң, ас жерсің,
Тәкаппар болсаң, тас жерсің.
***
Ақымақтан арқан бойы алыс жүр,
Тұрлаусыздан тұсау бойы алыс жүр.
***
Ақымақты мақтасаң, қуанады.
***
Ақымақтың ала-құласы болмайды.
***
Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.
***
Ақылдының белгісі:
Байыса аспайды,
Дәрежесіне таспайды.
***
Ақылсыз адам менмен келер,
Ақылды адам кеңнен келер.
***
Ақылсыздың мені зор,
Тәкаппардың сені зор.
***
Ақылы елден артылған,
Ақылың болса, бір мақтан.
Жұрттығы жұрттан артылған
Жақының болса, бір мақтан.
***
Ақымақтың өзі білмес, басқаны көзге ілмес.
***
Алатау ашамнан келмейді.
***
Алдияр, алдияр десең – дандияр (далияр).
***
Алтын да зордікі,
Қатын да зордікі.
***
Алшаңдаған жігітті үйінде көр.
***
Алшаңдаймын деп алшаңнан түспе.
***
Арғымақ, жүйрікпін деп мақтанба,
Алдыңда талай өрлер бар.
***
Арғымақ, жүйрікпін деп мақтанба,
Алдыңда талай өрлер бар.
Ақсұңқар, алғырмын деп мақтанба,
Алдыңда құрулы торлар бар.
***
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кеңпейілмен таласпа.
***
Арқыраған айғырды үйірінде көр,
Адамсыған жігітті өз үйінде көр.
***
Арқыраған айғырдың үйірін көр,
Менменсінген жігіттің үйін көр.
***
Арсыздық – ашыққаннан шығады,
Аңсыздық – асыққаннан шығады,
Пәсміздік масыққаннан шығады.
***
Арыстан айға шабамын деп мерт болыпты.
***
Арыстан асқынса, айға шабады.
***
Арыстан асқынса, айға шабар,
Ақымақ асқынса, анасын сабар.
***
«Арыстанмын» дегендер
Әдетте кесіртке болады.
***
Асқақтаған амалшыдан
Аяңдаған адал озар.
***
Асқанға риза болма,
Сасқанға риза бол.
***
Асқақтаған ұлық болмайды,
Жемісті ағаш биік болмайды.
***
Асқанға аспан да аласа.
***
Аспа, асқан жетер басқа.
***
Аспанның жолын бұлт бөгейді,
Асқанның жолын жұрт бөгейді.
***
Ассаң, аспаққа асыларсың,
Бәсең болсаң, бәйгеге қосыларсың.
***
Астамшылық – азғындық.
***
Асқаныңа емес, сасқаныңа ризамын.
***
Асып қарама, басып қара.
***
Ат қартайса
Жасқаншақ болады,
Ер қартайса,
Мақтаншақ болады.
***
Ата-ананың сөзін жерге тастама,
Байып алсаң, менмендікке бастама.
***
Атыңды мақтама,
Жүрісінен жаңылады.
Қатыныңды мақтама,
Жүрегінен қабынады.

maqal-matel.kz