А

Ағайынның алтын сарайынан,
ананың жыртық лашығы артық.
***
Ағаш кессең, ұзын кес –
Қысқартуың оңай.
Темір кессең, қысқа кес –
Ұзартуың оңай.
***
Ағаш кессең, ұзын кес –
Шаба келе қысқарар.
Темір кессең, қысқа кес –
Соға келе ұзарар.
***
Адал дос алтыннан қымбат.
***
Адам – гауһар, қолы – гүл.
***
Адам зейіні алмастан өткір.
***
Адам іші алтын,
Сырты мыс.
***
Адамның ақылы – алмас.
***
Адамның іші алтын.
***
Аз сөз – алтын,
Көп сөз – көбік.
***
Аз сөз – алтын,
Көп сөз – көмір.
***
Аз сөз – алтын,
Көп сөз – күміс.
***
Азаматтың сөзі – болаттың өзі.
***
Аздың алтыны болғанша,
Көптің көмірі бол.
***
Айта-айта алтынды,
Әнші апай да қартайды.
***
Айтылған сөз – алтын.
***
Айтылмаған сөздерің саф алтындай,
Тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай.
***
Ақсақ ат алтынмен тағаласаң да ақсайды.
***
Ақсақ атқа – алтын таға.
***
Ақыл айнымас, алтын шірімес.
***
Ақыл – алтын сандық,
Адамына қарай ашылар.
***
Ақыл арымас, алтын шірімес.
***
Ақыл аста, қайрат жаста, асыл таста.
***
Ақыл – бастан,
Асыл – тастан.
***
Ақыл байлық – азбас байлық,
Темір байлық – тозбас байлық,
Кен байлық – кең байлық.
***
Ақыл бастан шығады,
асыл тастан шығады.
***
Ақыл – гауһар бағасыз,
Ақымақ – ауру дауасыз.
***
Ақыл жаста,
Асыл таста.
***
Ақыл – жастан,
Асыл – тастан.
***
Ақыл жастан шығар,
Асыл тастан шығар.
***
Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.
***
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.
***
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
***
Ақыл тозбайды,
Алтын шірімейді.
***
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
***
Ақылды ердің ішінде
Алтын ерлі ат жатар.
Ақылды әйел ішінде
Алтын бесікті ұл жатар.
***
Ақылды ердің ішінде
Алтын ерлі ат жатар.
Ақылды жардың ішінде
Алтын айдар ұл жатар.
***
Ақылды кісі – азбайды,
Асыл бұйым тозбайды.
***
Ақылдының белгісі –
Алтыннан келер сөздері.
Ақылсыздың белгісі –
Айтып тұрар көздері.
***
Ақымаққа жылтырағанның бәрі алтын көрінеді.
***
Алған жерді жамандап,
Артықты қайдан табарсың.
Ақ тоныңды жамандап,
Асылды қайдан табарсың.
***
Алмасты алмас кеседі.
***
Алмастың жауы – қорғасын.
***
Алмастың жауы – құр тас.
***
Алмасың болса – мойным бар,
Асылың болса – қойным бар.
***
Алпысқа келгенде арпаның кебегі алтын көрінеді.
***
Алтын азбас,
Асыл тозбас.
***
Алтын ақпайды,
Дау шірімейді.
***
Алтын алма, ақыл ал.
***
Алтын алма, ақыл ал,
Алтын ақыл таппайды,
Ақыл алтын табады.
***
Алтын алма, алғыс ал,
Алғыс алтын емес пе!
***
Алтын алма, алғыс ал,
Алтын деген – жер сыйы,
Алғыс деген – ел сыйы.
***
Алтын алма, бата ал,
Бата алтын емес пе!
***
Алтын алма, білім ал.
Алтын артқан атанның да
Алдында есек, артында ит жүреді.
***
Алтын әзәзіл – аздырар,
Адал еңбек – бойыңды жаздырар.
***
Алтын базарында бағалы.
***
Алтын балдақ –
Қол сәні,
Әшекей, кесте –
Тон сәні.
***
Алтын балтаның да сабы ағаш.
***
Алтын басты әйелден
Бақыр басты еркек артық.
***
Алтын басты қатыннан
Бақыр басты ер артық.
***
Алтын басы еңкейсе,
Боқты көті теңкейеді.
***
Алтын басың аман болса,
Алтын табақтан су ішерсің.
***
Алтын белдік – бел сәні,
Алтын жиһаз – ел сәні.
***
Алтын белдік – бел сәні,
Асы жігіт – ел сәні.
***
Алтын бесікке ашқан есік –
Елдің ері емес пе.
***
Алтын болмаса, зергер қор болар,
Жер болмаса, диқан қор болар.
***
Алтын да зордікі,
Қатын да зордікі.
***
Алтын да тас, тас та тас,
Алтындай болмас басқа тас.
***
Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да отқа сал.
***
Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да, отқа жақ.
***
Алтын – жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса – бек тәжінің өрнегі.
***
Алтын жер астында емес, тер астында.
***
Алтын жерде жатпайды,
жаман ұста суын таппайды.
***
Алтын жүзікке – жақұт көз.
***
Алтын жығаң болса да,
Жаға менен жең керек.
***
Алтын көрсе, періште жолдан таяр.
***
Алтын көрсе, періште жолдан таяды.
***
Алтын көріп азба,
Күміс көріп қозба.
***
Алтын көріп періште жолдан шығыпты.
***
Алтын-күміс әманда таспен бірге жүреді.
***
Алтын-күміс жиған – бай емес, сөз білген адам – бай.
***
Алтын-күміс жиғандар үй салады.
***
Алтын-күміс тас болған,
Арпа-бидай ас болған.
***
Алтын-күміс тас болар.
***
Алтын-күміс тастан шығар,
Ақыл мен ой жастан шығар.
***
Алтын күркелі күйеу,
Шөп күркелі қайыннан дәметеді.
***
Алтын қайшы пішкенге жақсы,
Алтын қасық ішкенге жақсы.
***
Алтын қолда барда қадірі жоқ.
***
Алтын отта сыналар,
Адам жоқта сыналар.
***
Алтын пышақ өтпесе,
Алтынын ал да отқа жақ.
***
Алтын сырға құлақты ауыртады,
Алтындаған етік аяқты ауыртады.
***
Алтын тапқан әйелді
«Ханым» демей не дейміз.
Өзі болған жігітті
«Жаным» демей не дейміз.
***
Алтын тапқан періште жолдан тайған.
***
Алтын тапсаң, санап ал.
***
Алтын – тас,
Дақыл ас.
***
Алтын тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.
***
Алтын тозбайды,
Адал жар азбайды.
***
Алтын тонды шенің болғанша,
Алақандай жерің болсын.
***
Алтын тыққан адам арықтап өлер.
***
Алтын тыққан жерді белден қаз.
***
Алтын – шөлде.
***
Алтын шірімес, дау арымас.
***
Алтын шірімес, дау қалмас, жан сасымас.
***
Алтын шірімес, дау қартаймас.
***
Алтын шірімес, жанжал бітпес, жаннан иіс шықпас.
***
Алтын шыққан жерді белден қаз.
***
Алтын шыққан жерді терең қаз.
***
Алтын шірімес, жан сасымас.
***
Алтынды ала білген – бөле біледі.
***
Алтынды дат баспайды,
Ақылдыдан бақ қашпайды.
***
Алтынды ерің атқа тисе,
алтынын ал да отқа жақ,
Ағайының атыңа тисе,
аманыңда жөніңді тап.
***
Алтынды еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер.
***
Алтынды еріте білмеген күл етеді,
Жібекті түте білмеген жүн етеді.
***
Алтынды еріткенмен,
Жез болмайды
Жібекті жуғанмен,
Бөз болмайды.
***
Алтынды көріп азба,
Біреуге көр қазба.
***
Алтынды тану оңай,
Адамды тану қиын.
***
Алтынды тот баспайды.
***
Алтынды ұстай алмаған шірітер,
Теріні илей алмаған ірітер.
***
Алтынды ұстай білмесе, мыс етеді.
***
Алтыннан шыққан асыл емес,
Шеберден шыққан асыл.
***
Алтынның буымен жез жарқырайды.
***
Алтынның қолда барда қадірі бар ма.
***
Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды.
***
Алтынның өлтірген адамы аз емес.
***
Алтынның шығар жерін белден қаз.
***
Алтының болса, азбайсың,
Сандалып бекер саспайсың.
***
Алтының көп те болса, ішке сақта.
***
Арамзаның тіліне нанба,
Алтын берсе алма.
***
Арғымақ атқа алтын қасты ер керек.
***
Арғымақ атқа – алтын қасты ер керек:
Арқалап отын тасыған,
Арқасы терге сасыған.
***
Арғымақ атқа алтын тасты ер керек.
Ажарлы әйелге алтын басты ер керек.
***
Арзан болар алтын сөз,
Елеусіз жерге тастаса.
***
Арқалағаны алтын болса да,
Түйенің тамағы тікен.
***
Арпа ас екен,
Алтын тас екен.
***
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
***
Арпа-бидай ас болды,
Алтын-күміс тас болды.
***
Арық атқа алтын жүген жараспас,
Салдақы қатынға сылқымдық жараспас.
***
Арыстанға темір тор ар емес.
***
Арыстанға темір тор ар да емес, қор да емес.
***
Арыстанға темір шынжыр ар емес.
***
Асы жоқ алтын аяқтан
Айраны бар тоспақ артық.
Талдырмаш таза айырдан
Жүк көтергіш қоспақ артық.
***
Асы жоқ алтын аяқтың
Алтынын ал да, отқа жақ.
***
Асыл айнымас,
Алтын шірімес.
***
Асыл пышақ қап түбінде жатпайды.
***
Асыл сөз алмасты да кеседі.
***
Асыл таста, өнер жаста.
***
Асыл – тастан,
Ақыл – жастан.
***
Асыл тастан сенімді тас артық.
***
Асыл тастан шығар,
Өнер жастан шығар.
***
Асыл туған адамның
Алтын жетпес нарқы бар.
Жақсы менен жаманның
Аспан мен жердей парқы бар.
***
Асылдың сынығы –
Айдынның тұнығы.
***
Асылдың тұқымы аз.
***
Асылды суға тастасаң, судан толқын шығады.
***
Асыл қанжар қын түбінде жатпайды.
***
Асыл сөз алмасты қияды.
***
Асыл темір атқа таға болмас.
***
Ат тұяғы – алтын,
Алысқа алып баратын.
Адам тілі алтын,
Алысты сұрап табатын.
***
Ата-анадан мал тәтті,
Алтынды үйден жан тәтті.
***
Ата қоныс – алтын мекен.
***
Ата сөзі – алтын.
***
Атан түйеге ауыр жүктің қорлығы жоқ,
арыстанға темір шынжырдың арлығы жоқ.
Атадан алтау туса да,
жауға шаппаған ұлдың барлығы жоқ.
***
Атаның алғысы – алтын.
***
Атқа алтын таға тағаласа,
Есек аяғын көтеріпті.
***
Атыңа батса алтын ер,
Атып ұр да,
Отқа жақ.
***
Ауылым – алтын бесігім.
***
Ауырған басқа темір тарақ.
***
Ауырмас басқа темір тарақ.

maqal-matel.kz