Бағасы жоқ қазына,
Алтыннан артық әдеп бар.
***
Бай төсегі темір піс,
Кедей төсегі қара кіс.
***
Бақаны алтын таққа отырғызсаң да,
Батпақты көргенде шоршып түсер.
***
Бақыр қазан қайнаса —
Бәріміздің бағымыз.
Туған жердің әр тасы
Біздің алтын тағымыз.
***
Балықты судан ізде,
Алтынды құмнан ізде.
***
Бар – бақыр,
Жоқ – алтын.
***
Бармаған жерде бақыр бар,
Барса бақыр табылмас,
Азаптанбай жатыңдар.
***
Бейнесіз алтын қоламен тең,
Тамақсыз үй моламен тең.
***
Бек алдында иіліп, көкірегін басқан қолдан,
Темір илеген білек мың есе артық.
***
Би асылдан асыл болмас,
Би асылмен жолдас болсаң,
Мұратың, сірә да, хасыл болмас.
***
Болат бүгілмес, ер мойымас.
***
Болат бүгілмес, шорт сынар.
***
Болат елеуге көнсе де,
Илеуге көнбейді.
***
Болат жүзінен су ішеді,
Жігіт көзінен су ішеді.
***
Болат кездік қап түбінде жатпайды,
Ақылы жоқ жаманды егеулеп тұрсаң, батпайды.
***
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
***
Болат қынға тоқтайды,
Тентек топқа тоқтайды,
Жомарт жоққа тоқтайды.
***
Болат найза қап түбінде жатпас.
***
Болат пышақ қап түбінде жатпайды.
***
Болат пышақ қап түбінде жатпас.
***
Болған іске болаттай берік бол.
***
Болған іске болаттай бол.
***
Болсаң, болаттай бол.
***
Босағаң алтын болса да,
Туған жеріңе жетпейді.
***
Бұрауы күмістен болса да бір шіркін.
***
Білгенге маржан, білмегенге арзан.
***
Білмегенге алтыннан да пайда жоқ.
***
Білмегендер алтынды бақырдан айыра алмайды.
***
Білмегенді білдір,
Қолыңа алтын жүзік ілдір.
***
Білікті кісі – баға жетпес алтын,
Біліксіз кісі – бес тиын бақыр.
***
Білім – гауһар бағасы жоқ,
Надандық – дерт, дауасы жоқ.
***
Білім деген – гауһар, бағасы жоқ,
Надандық деген – кесел, дауасы жоқ.
***
Білім – иесінің дәулеті, білімді қайда барса да,
Алдына алтын тартылады.
***
Бір жыл тұт еккен кісі,
Мың жыл гауһар тереді.
***
Біреуге алтын-күміс бер,
Біреуге атақ-біліс бер,
Біреуге тек жұмыс бер.
maqal-matel.kz
