Аға алдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.
***
Ағаш қисығын тез түзетер,
Адам қисығын көр түзетер.
***
Адал адам аңқау келеді,
Сорлы жігіт жалқау келеді.
***
Адал мінез адамдар,
Арттағыларға жол салып
Із тастап өтеді.
Арам мінез адамдар
Арттағыларға тікен төгіп,
Біз тастап өтеді.
***
Адам адамнан құтылады,
Пейілінен құтылмайды.
***
Адам жылқы мінезді.
***
Адам жылқы мінезді:
Бір күнде түлейді,
Бір күнде жүдейді.
***
Адам көркі ішінде.
***
Адамды екі нәрсе қартайтпайды:
Бірі – жақсы мінез, бірі – жақсы сөз.
***
Адамды жынды десе,
Күнінде бір жапырақ еті жынды болады.
***
Адамның жаманы – мылжың,
Жақсысы – жомарт.
***
Адамның жуасын
Аяққа басады.
Аттың жуасын
Ұры мініп қашады.
***
Адамның оң беті ішінде.
***
Ажал емшіден қашар,
Ашу мінезден қашар.
***
Ажығұнықты ары құла десең, бері құлайды.
***
Айбынды батырдың еліне батып жау келмес,
Аңғырт батыр жауға шапса, сау келмес.
***
Айыратын жаман бар,
Қосатын жараң бар,
Барын ішпейтін сараң бар,
Жасырып ішетін арам бар.
***
Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.
***
Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас.
***
Ақ көңілді адамға, біреудің сырқауы барады.
***
Ақпейіл болсаң, ас жерсің,
Тәкаппар болсаң, тас жерсің.
***
Ақпейілдінің аты арымас.
***
Ақпейілдің аты азып, тоны тозбас.
***
Ақсақ ақыл,
Таз бақыл,
Ала бәле соқырдан сақтан.
***
Ақсұңқардың баласы алтау болар,
Бесеу болар, ішінде біреуі қу болар.
Қу ала алмаған жаманы
Құладынға қор болар.
***
Ақылды адам батпан-ақ,
ақылсыз адам сасқалақ.
***
Ақылды әйел – тірек,
сұлу әйел – жүрек.
Кербез әйел – есер,
Шәйпау әйел – кесел.
***
Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.
***
Ақылды жауыңнан қорықпа,
Жарымес досыңнан қорық.
***
Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақымақ мақтанса, аяғын сындырар.
***
Ақылды ойлағанша, тентек ісін бітіреді.
***
Ақылды сөз – ауыртпалықты көтерісер ақ ниет дос.
***
Ақылдыны білім ұстамды қылады.
***
Ақылсыз басты қылығы танытады.
***
Ақылың парасатты, жаның жайлы болса,
Достарыңның өзі іздеп табады.
***
Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.
***
Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды.
***
Ақымақтық аңқаулықпен дос,
Жаңғалақтық жалқаулықпен дос.
***
Ақырлас ат – мінездес.
***
Ақырлас аттың мінезі жұғады.
***
Ақырлас аттың мінезі жұғады.
Ақылды ердің әдебі жұғады.
***
Алаңғасар атқа мінсе,
Тұра шабар.
***
Алаңғасар астындағы атын алты ай іздейді.
***
Алаңғасарға ары құла десең, бері құлайды.
***
Алланың алдында арамтамақтың қолы дірілдейді.
***
Алпыстан кейін шал ерке,
Алтыға дейін бала ерке.
***
Алып жауда көрінер,
Байсалды дауда көрінер.
***
Ана есімі ардақты,
Ана мінезі салмақты.
***
Ана мейірі ішіңді жылытады,
Күн мейірі сыртыңды жылытады.
***
Анасы пысық – жұқпаны жұқа жасар,
Баласы мешкей – қат-қаттап қосып асар.
***
Аңғал алдындағы орды,
Ашыққан қарға торды көрмейді.
***
Аңғал батыр алдырады –
Аяғынан шалдырады.
***
Аңғал сөйлеп,
Аспа,
Ойланып ал, саспа.
***
Аңғырт – айтпасаң білмес,
Ашпасаң көрмес.
***
Аңғырт аузындағысын алдырар,
Аңқау абайсызда шылдырар.
***
Аңғырт бөрі қой үркітеді,
Абайсыз ұры қолға түседі.
***
Аңғырт ойын бұзар,
Тентек жиын бұзар.
***
Аңдамаған у ішеді.
***
Аңқау алдырар,
Жалқау қаңғырар.
***
Аңқау аңдамайды,
Әңгі тыңдамайды.
***
Аңқау астындағы атын алты ай іздепті.
***
Аңқау астыңа, арамза үстіңе қарайды.
***
Аңқау бөрі қой үркітеді,
Ақылсыз адам ел үркітеді.
***
Аңқау елге арамза молда.
***
Аңқау қазанның үстіне қарайды,
арамза астына қарайды.
***
Аңқауға қырғауыл қайда?
***
Аңсыздық – қамсыздық.
***
Арам молда аңқау елді алдап жер.
***
Арамды Құдай табады,
Момынды қайыр табады.
***
Арамза сұлу сөйлейді,
Ақкөңіл шынын сөйлейді.
***
Арамзаға дуа бітпес.
***
Арамзалық ойнастан болады дүр,
Қараңғылық тамырдан жұғады дүр.
***
Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.
***
Арамзаның пышағы алқымынан тозады,
Ақкөңілдің пышағы ұшынан тозады.
***
Арамзаның тіліне нанба,
Алтын берсе алма.
***
Арғымақ аттың құйрығы –
әрі жібек, әрі қыл,
қас жақсының белгісі –
әрі мырза, әрі құл.
***
Арқыраған айғырды үйірде көр,
Аңқылдаған жігітті үйінде көр
***
Арсыздық – ашыққаннан шығады,
Аңсыздық – асыққаннан шығады,
Пәсміздік масыққаннан шығады.
***
Артық күлкі арыңды төгеді,
Жәркеленіштену барыңды төгеді.
***
Аса қу болсаң,
Алқымыңнан асыласың.
Аса ынжық болсаң,
Аяққа басыласың.
***
Асау атты таға тоқтатады.
***
Асауды шапқа түртпе,
Жуасты келемеж етпе.
***
Аспаннан шұға жауса,
Жалқауға түк те тимес.
***
Астындағы атын алты ай іздейді.
***
Асығыста салмақты бол,
Ашу қысса, ұстамды бол.
***
Ат,
Бір қылығы жат.
***
Ат мінезі құлағынан белгілі,
Ит мінезі құйрығынан белгілі.
***
Ат қартайса, сүріншек,
Ер қартайса, жаңылшақ.
***
Ат пен есек мінездес болады.
***
Ауру адам әдетте ынжық болады.
***
Ауру емес, жын емес,
Мінезді қайтып жазамыз.
***
Ауру кетеді, мінез кетпейді.
***
Ашаршылықта қомағай бұрын өледі.
***
Ашкөзге дүниенің асы жетпес.
***
Аштық ас талғатпайды,
Ашықтық жас талғатпайды.
***
Аштықтан сұқтық жаман.
***
Ашу деген қарғыма тас кезеңдей,
Сабыр деген сарқылмайтын өзендей.
***
Ашушаңның анты болмайды,
сабырсызға дәулет қонбайды.
***
Аю – аңғал,
Түлкі – айлакер.
***
Аяр адам күншіл, күншіл адам міншіл.
maqal-matel.kz
