А

Ағайынның өкпесі айтуменен кетеді,
Дұшманның өкпесі кек алумен бітеді.
***
Адам баласы қайғысыз болмас,
Қайғысыз болса, адам да болмас.
***
Адам қайғысы – заман қайғысы.
***
Адамды қанағат аздырмайды,
Қайғы аздырады.
***
Аз күйікті ас басар.
***
Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.
***
Аз қайғыны ас басар,
Көп қайғыны дос басар.
***
Аза арулы,
Сый сатулы.
***
Азамат ердің ішінде ат басындай шер өсер.
***
Ай шайлағанда тұрып,
Ат іздеген азабың құрысын.
***
Айлас қатын – мұңдас.
***
Ақыл-кеңес тыңдамаған адам
Әрдайым машақатқа түседі.
***
Ақылсыз қарт өкінішпен қартаяр,
Есті қарт қайғырмай-ақ қартаяр.
***
Ақылы аздың азабы көп.
***
Алдағы бөгетте,
Қайратыңа сен.
Асқар тауда,
Атыңа сен.
Қайрат болса,
Қайғыны да жеңесің.
***
Алдым ашық,
Артым тұйық тұман.
***
Алты қатын азаға келсе,
Әрқайсысы өз мұңын айтып жылайды.
***
Алты қатын аққа барса,
Әрқайсысы мұңын айтар.
***
Алты қатын асқа барса,
Әрқайсысы өзінің мұңын айтады.
***
Алты қатын асқа барса,
Әрқайсысы өз жырын жырлайды.
***
Арғымақ арыса қарға адым жер мұң болар.
***
Арам малдың арты – азап.
***
Арсызбен сыйлас болғанша,
Арлымен мұңдас бол.
***
Аспандағы айдан не пайда,
Жылынуға қолың жетпесе,
Хиуадағы ханнан не пайда,
Барсаң арызың өтпесе.
***
Ат арыса, айшылық жер мұң болар.
***
Аурудың сары уайымға берілгені –
Өлімнің қыр басынан көрінгені.
***
Ауруын жасырған азап шегеді.
***
Ауырлықты жер көтереді,
Ауыр жүкті нар көтереді.
Ауыр қайғыны ер көтереді.
***
Аштың ақылы болмас,
Тоқтың – қайғысы.
***
Ашулы артынан өкінер.
***
Ашуың шықса да, сөгінбе,
Сөгінген соң, өкінбе.
***
Ащыны аяған – тұщыға зар болады.

maqal-matel.kz