Бай малына сенеді, кедей несіне сенеді.
***
Байлығыңа сенбе, ақылыңа сен.
***
Бақытыңа сенбе,
Бармағыңа сен.
***
Бала болу парыз емес,
Әке болу – парыз.
***
Балаға сенген пәлеге қалады,
Жаманға сенген далада қалады.
***
Бар малына сенеді,
Жоқ қарнына сенеді.
***
Бел астындағыдан бесіктегі бала үміттенеді.
***
Бойына сеніп түйе жылдан құр қалады.
***
Боламын деп жүріп болмай қалғаннан,
Болмаймын деп жүріп болған артық.
***
Болар-болмасқа иланба.
***
Болар-болмасқа иланба,
Қолыңа түскеннен айрылма.
***
Бостан-босқа қарғанба,
Саған кісі нанбайтын болар.
***
Бұ бақытқа сенбе,
Келер, кетер демде.
***
Бұ дүниеге еш уақытта да сеніп болмайды.
***
Бұйырған кетпейді,
Жүгіріп жетпейді.
***
Бұл дүниеге сеніп болмайды.
***
Білмесең, сұра,
Сенбесең, сына.
***
Біліміңе билетпесең, білгенің зая,
Серігіңді сендірмесең, көргенің зая.
***
Бір тау бір тауға қосылды десе, сен,
Жаманнан жаман әдеті қалды десе, сенбе.
maqal-matel.kz
