Б

Бақ тіліңді, ойлағаның саз болар,
Көп сөйлеген сөздің мәні аз болар.
***
Бала оқытқан мұғалім балаларша ойлайды.
***
Бекзаттан би қойсаң, ойлар тамағын.
Бейзаттан би қойсаң, білмес бабағын,
Жақсыдан би қойсаң, ашпас қабағын.
***
Берер Тәңір талап қылсаң,
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.
***
Бес күндігін ойламаған әйелден без,
Бес жылдығын ойламаған еркектен без.
***
Биікке шықсаң, көңілің ашылар,
Жақсымен тілдессең, зейінің ашылар.
***
Биікпін деп созба мойын,
Биік атақ емес мойын.
Жұртыңнан асып жатса ойың,
Сен шығатын дөңес дайын.
***
Бой жетпегенге ой жетеді,
Қыран жетпегенге қиял жетеді.
***
Бойы жетсе, ойы жетпеген.
***
Бойы зор олаққа қарама,
Ойы зор шеберге қара.
***
Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.
***
Бойына қарай ойы.
***
Бойың қисық болса да,
Ойың түзу болсын.
***
Бойыңа мақтанба,
Ойыңа мақтан.
***
Бойыңдай бой табылғанымен,
Ойыңдай ой табылмайды.
***
Бұлбұл гүлінде сайрайды,
Адал басшы ел-жұртын ойлайды.
***
Білім сананы ағартады.

maqal-matel.kz