А

Адам басы – Алланың добы.
***
Адамның басы – Алланың добы.
***
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
***
Айғырмен ойнаған ат арқасын алдырады.
***
Айғырмен ойнаған ат арқасын алдырар,
Қаршығамен ойнаған қаз қанатын шалдырар.
***
Айғырмен ойнаған тай
Арқасын алдырар.
***
Ақшалының қолы ойнар,
Ақшасыздың көзі ойнар.
***
Ақшасы бардың өзі ойнар,
Ақшасыздың көзі ойнар.
***
Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.
***
Ақылсыз ойын тәтті тұрмысты бұзар.
***
Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама,
Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
Ашуланса мерт қылар, жолбарыспен ойнама.
***
«Алла» деген – ойын сөз,
Қияметте қиын сөз.
***
Алысып ойнар теңің болсын,
Сүңгіп бойлар көлің болсын.
***
Аңғырт ойын бұзар,
Тентек жиын бұзар.
***
Арақ ішкен – азар,
Карта ойнаған тозар.
***
Арқа сүйер елің болсын,
Аунап жатар жерің болсын.
Алысып ойнар теңің болсын,
Сүңгіп бойлар көлің болсын.
***
Арпа берсең, атқа бер,
Күтір-күтір шайнасын.
Қызды берсең, жасқа бер,
Құшақтасып ойнасын.
***
Арпа берсең атқа бер,
Күтір-күтір шайнасын.
Қызды берсең қартқа бер,
Сақалымен ойнасын.
***
Арық атқа қамшы ойнар,
Жыртық үйге тамшы ойнар.
***
Арыстанның ойнынан
Түлкінің мойны үзіледі.
***
Арыстанның ойынынан түлкінің мойны үзілер.
***
Асқа барсаң – аш бар,
Тойға барсаң – тоқ бар,
Той қызығы – көкпар.
***
Асығын ата алмаған,
Сақасынан көреді.
Сөзін сөйлей алмаған,
Атасынан көреді.
***
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәрінен қой баққан озар.
***
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәрінен де қой жайып,
Көтен жеген озар.
***
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәрінен де қой бағып,
Көтен майын жеген озар.
***
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәрінен де қой бағып,
Қою сүт ішкен озар.
***
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар,
Бәрінен де қой бағып,
Қозы өсірген озар.
***
Асық ойнаған – ақтық,
Доп ойнаған – тоқтық.
***
Ат жаманы таймен ойнайды.
***
Ат жаманы таймен ойнар,
Қатын жаманы байымен ойнар.
***
Ата баласы азарында асық ойнайды.
***
Атан-түйе ойнаса жұт болады.
***
Атаменен ойнағанша,
Атаңның басымен ойна.
***
Аталы баланың аузы ойнайды,
атасыз баланың көзі ойнайды.
***
Атпен ойнаған тайдың арқасы кетер.
***
Аттың жемін жеп,
Тайдың ойынын ойнамас болар.
***
Аударыспақ ойнаса,
Таздың көті қолпылдар.
Қапта астық таусылса,
Қатын көті қолпылдар.
***
Аударыспақ ойнаса,
Аздың арты қылпылдайды.
Тақия салмақ ойнаса,
Таздың арты қылпылдайды.
***
Аузында әзілі жоқтың,
Қолында масқарасы бар.
***
Аш бала тоқ баладай ойнамайды,
Тоқ бала аш баланы ойламайды.
***
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала «аш болам» деп ойламайды.
***
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
тоқ бала еш нәрсені ойламайды.

maqal-matel.kz