Б

Бала болса да, әркім өз теңімен ойнар.
***
Балалар ойнап жүріп су төгеді,
Қарттар тайып, жамбасын сындырады.
***
Баламен ойнама, шаршайсың,
Шаламен ойнама, күйерсің.
***
Баласы бардың өзі ойнар,
Баласыздың көзі ойнар.
***
Боранның алды құйын,
Ұрыстың алды ойын.
***
Бура құтырса, тайлақпен ойнар.
***
Бурыл атта бұғау бар,
Ойынға кесер екеу бар.
***
Бұқаның мойны жаман,
Жаманның ойыны жаман.
***
Бір жүз елу тараудан тұратын ақыл оқып берсең де, ақымаққа ойыншық көрінеді.
***
Бірін-бірі түсініп, әркім ойнар өзі қатар теңіне.

maqal-matel.kz