Абайламай сөйлеген ауырмай өледі.
***
Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.
***
Абыройлы жігітке
Ажалды қоян жолығады.
***
Аға өлсе, жеңге мұра.
***
Аға өлсе, жеңгем мұра,
Атан өлсе, сауыр мұра.
***
Аға өлсе, іні мұра,
Ат өлсе, сауыр мұра.
***
Ағадағы мал – даладағы мал,
Інідегі мал – індегі мал.
Даладағы малға талғанда жетерсің,
Індегі малға өлгенде жетерсің.
***
Ағайын бірі өлімде, бірі тіріде керек.
***
Ағайын бір өліде,
Бір тіріде.
***
Ағайын жазаға қиса да, өлімге қимайды.
***
Ағаш бесікке түскен
Жер бесікке де түседі.
***
Ағаш қисығын тез түзетер,
Адам қисығын көр түзетер.
***
Ағаштың басы сынса, түбі қалар,
Екеудің біреуі өлсе, бірі қалар.
Жалғыздың өзі өлсе несі қалар?
Киген киім, мінген ат жауда қалар.
***
Адалдық өлмейді,
Арамдық аспайды.
***
Адам болып туған соң,
Адам болып өлмек жөн.
***
Адам болып туған соң, адамша өлу керек.
***
Адам бір оқтық, өлтіру оңай,
Бірақ мың адам бір адамды тірілте алмайды.
***
Адам қызығып өлетін мола жоқ.
***
Адам мәңгі атағымен селбесер,
Аты қалса, бұ жалғанда өлмес ер.
***
Адам мәңгі жасамас,
Көрге кірген кері қайтпас.
***
Адам өлген күні өлмейді,
Ұмыт болған күні өледі.
***
Адам өлсе, сөзі қалар
Ат өлсе, ізі қалар.
***
Адам өтеді, игі аты қалады.
***
Адам уағдада тұрса,
Сөз қадірін білгені.
Уағдада тұрмаса,
Ол адамның өлгені.
***
Адам ісінің астарында өлім жатады.
***
Адамнан адам, айуаннан айуан туылады.
***
Адамның өзі өледі, сөзі қалады.
***
Адамның сөзі адам өлтірер.
***
Адамның тіршілік шөлмегі шағылмайынша,
Тіршілік шарабы төгілмейді.
***
Ажал ажарына да қарамайды,
Базарына да қарамайды.
***
Ажал ажарыңа да қарамайды,
Базарыңа да қаратпайды.
***
Ажал айтып келмес,
Өткен қайтып келмес.
***
Ажал ақылдының алдында бас иеді,
Ақылсыздың басына тас үйеді.
***
Ажал ақымақ үшін алтау,
Ақылды үшін біреу.
***
Ажал ақымға тоқтайды,
Тілалғыш мақұлға тоқтайды,
Ашу ақылға тоқтайды.
***
Ажал анық болса да,
Мезгілі жетпей ер өлмес.
***
Ажал әркімге.
***
Ажал белгісіз, қонақ болжаусыз.
***
Ажал емнен, ашу кеңнен қашады.
***
Ажал емшіден қашар,
Ашу мінезден қашар.
***
Ажал жалынғанмен қоймайды,
Мешкей бергенменен тоймайды.
***
Ажал жеткен ауруға ем қонбайды.
***
Ажал жетпей өлмек жоқ.
***
Ажал жетпей шыбын өлмес.
***
Ажал жетпей, шыбын да өлмес.
***
Ажал жетпесе, оқ жетпейді.
***
Ажал жетсе, ай да өледі,
Күні туса, күн де өледі.
***
Ажал жұтымнан,
Жан күтімнен қашады.
***
Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.
***
Ажал қиуадан келіп,
Қимасыңды алады.
***
Ажал қойса да, жас қоймайды.
***
Ажал мен ақымаққа дауа жоқ.
***
Ажал мен бейнет ақылға қарамас.
***
Ажал сұрағанға бейнет берер.
***
Ажал тау сыртында емес, ту сыртыңда.
***
Ажал төрелеп келсе, кәріге,
Төтелеп келсе, жасқа келеді.
***
Ажалдан ақша беріп құтылмайсың.
***
Ажалдан аман қалатын адам жоқ.
***
Ажалдан бұрын адам өлмейді.
***
Ажалдан ешкім қашып құтыла алмайды.
***
Ажалдан қашып құтылмайды.
***
Ажалдан қашып құтылмайды,
Жаманның сөзі тұтылмайды.
Жақсыдан айтқан ғибрат
Өлгеніңше ұмытылмайды.
***
Ажалдан қорықпайтын нәрсе – махаббат.
***
Ажалды ана жеңеді,
Ана жеңбесе, бала жеңеді.
***
Ажалды киік адырға қашады.
***
Ажалды киік адырға шығады.
***
Ажалды киік құлағын қасиды
***
Ажалды киіктің аяғы тыныш жатпайды.
***
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
***
Ажалды өле ме, ауру өле ме?
***
Ажалды тышқан аш мысыққа тап болар.
***
Ажалды тышқанға аш мысық тап болар.
***
Ажалды шошқа орда оттайды.
***
Ажалдыға ағаш – оқ.
***
Ажалдыға бір себеп.
***
«Ажалсыз адам өлмес» деп,
Жыланды құйрығынан ұстама.
***
Ажалсыз аштан өлмес.
***
Ажалсыз балық құрғақ жерде де өлмейді.
***
Ажалсыз ерге өлім жоқ.
***
Ажалсыз жан шықпайды,
Құр сөзден май шықпайды.
***
Ажалсызға тау құлайды.
***
Ажалы жеткен ауырмай өледі.
***
Ажалы жеткен тышқан
Мысықтың ернін тартып жатады.
***
Ажалы жеткен тышқан
Мысықтың үстіне секіреді.
***
Ажалы жеткен тышқан
Ұйықтап жатқан мысықты оятады.
***
Ажалы жеткенді өлім қоймайды.
***
Аздың атасы бір,
Көптің көрі басқа.
***
Азын ашпай, жарлы өлер,
Көбін ашпай, бай өлер.
***
Азын ашпай жарлы өлер,
көбін ашпай малды өлер.
***
Азын ішпей, жарлы өлер,
Көбін ішпей, бай өлер.
***
Айғақ өлер, кепіл төлер.
***
Айғыр өлсе, сәурік мұра,
Аға өлсе, қайны мұра.
***
Айдалаға атқан оқ
Ажалдыға тиеді.
***
Айдалада атқан оқ,
Ажалдыға тиеді.
***
Айдап салдан аз өлер,
Көре салдан көп өлер.
***
Айласыз батыр тез өлер.
***
Айналаға атқан оқ ажалдыға тиеді.
***
Айналдырған ауру алмай қоймайды.
***
Айналдырған ауру алмай қоймас,
Бұлттанған күн жаумай қоймас.
***
Айтпаса, жүректен кетеді,
Тартпаса, білектен кетеді.
***
Айы біткен айда өтер,
Күні біткен күнде өтер.
Күні өтерін білмеген,
Бейілі кетіп, пір кетер.
***
Ақ байпақтан сиыр өлер.
***
Ақжалау барда «малым бар» деме,
Әзірейіл барда «жаным бар» деме.
***
Аққа өлген жақсы.
***
Ақпанға алданған малынан айырылар,
Дұшпанға алданған жанынан айырылар.
***
Ақша байлығы көргенше,
Ақыл байлығы өлгенше.
***
Ақшаңнан айрылсаң,
Өкінерсің, күйінерсің.
Арыңнан айрылсаң,
Қайтып тірі жүрерсің.
***
Ақылдымен отыру – ақымаққа жаза,
Ақымақпен отыру – ақылдыға тозақтан жаман қаза.
***
Ақымақ әкесін өлтіргенменен дос болады.
***
Ақымақ алдындағы астан үркіп, аштан өліпті.
***
Ақымаққа арқан көрсетсең, асылып өледі.
***
Ақымақты түсіндіргеннен,
Өлікті тірілту оңай болады.
***
Ақымақты үйрету, өлгенді тірілту.
***
Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.
***
Ақырғы бай аштан өледі.
***
Ақыры байдың түбі аштан өледі.
***
Ала жем атты өлтіреді.
***
Албары қонақ аштан өледі.
***
Алладан келген ажалдан жағады.
***
Алма жеп ауырғанша,
Өрік же де, өле қал.
***
Алты ай баққан арықты
Бір күн ұрындырған өлтірер.
***
Алты жыл апат келсе де, ажалды өледі.
***
Алты қатын азаға келсе,
Әрқайсысы өз мұңын айтып жылайды.
***
Алтынды көріп азба,
Біреуге көр қазба.
***
Алтынның өлтірген адамы аз емес.
***
Алысса, екі ердің бірі өледі.
***
Алыстан атқан ағаш оқ ажалдыға тиеді.
***
Ананың махаббаты ажалды да жеңеді.
***
Андыз болса, ат өлмес.
***
Андызды жерде, ат өлмес,
Ағайыны көп ер өлмес.
***
Андыз болса, ат өлмес,
Айыр болса, ер өлмес.
***
Андызды жерде ат өлмейді,
Иірлі жерде ер өлмейді.
***
Андызды жерде ат өлмейді,
Үйірлі жерде ер өлмейді.
***
Ант ішкеннің мыңы өледі,
У ішкеннің бірі өледі.
***
Аң қызығы алғанша,
Жан қызығы өлгенше.
***
Аңғармай сөйлеген,
Ауырмай өледі.
***
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
***
Аңшының ажалы аңынан.
***
Аңшының өлімі ауда,
Сушының өлімі суда.
***
Аңызды жерде ат өлмейді.
***
Аңызды жерде ат өлмейді,
Үйірлі жерде ер өлмейді.
***
Арақ ішкен өзіне кебін пішеді.
***
Арба сынса – отын,
Ат өлсе – етің.
***
Арба сынса – отын,
Өгіз өлсе – соғым.
***
Арбаң сынса – отын,
Атың өлсе – етің.
***
Арбаң сынса – отын,
Өгізің өлсе – етің.
***
Арғымақты байтал бастайды,
Аруақты шайтан бастайды.
***
Арғымақтың қадірі жүргенде білінер,
Азаматтың қадірі өлгенде білінер.
***
Ардан безген ұяттан
Тағдырдан келген өлім артық.
***
Арманда өлгенше, қармана өл.
***
Артық өнер бас жояды.
***
Аруақтан басқа ес жоқ,
Көлеңкеден басқа дос жоқ.
***
Арпалыссаң, ар кетер,
Жанжалдассаң, жан кетер.
***
Арық мал өлсе, союға кісі шықпас,
Жаман адам өлсе, қоюға кісі шықпас.
***
Арың үшін алыссаң, өлмейсің.
***
Арыстан айға шабамын деп мерт болыпты.
***
Арыстанның ойынынан түлкінің мойны үзілер.
***
Ас жақпаған ауру өледі.
***
Ас сіңгенде жақсы,
Қатын өлгенде жақсы.
***
Аса пысық болсаң, дарға асыларсың,
Аса жасық болсаң, аяққа басыларсың.
Жұрттың жуан ортасы болсаң,
Ақылыңды асырарсың.
***
Асу-асу белдер бар,
Аса алмай атан өлсін.
Ағайыныңмен тату бол,
Айыра алмай жат өлсін.
***
Асу-асу белдер бар,
аса алмай жаудың аты өлсін,
ағайынмен тату бол,
айыра алмай жат өлсін.
***
Асықтың етін
Аштан өлсең де жеме,
Тобықтың етін,
Тойып отырсаң да тастама.
***
Асыл адамға өлім жоқ.
***
Асыл сөзге өлім жоқ.
***
Асылсаң, биік дарға асыл,
Аяғың жерге тимесін.
***
Асырайтын жас болса,
Өлетін кәрі жоқ.
***
Ат жалында ажал тұрады.
***
Ат көрмеген ат мінсе,
Шаба-шаба өлтірер.
Тон көрмеген тон кисе,
Қаға-қаға бітірер.
***
Ат көрмеген атты шауып-шауып, өлтірер.
***
Ат қалдыру туралы ғой әңгіме,
Адам емес, аты өлмейді мәңгіге.
***
Ат мінбеген ат мінсе,
Шаба-шаба өлтірер.
Тон кимеген тон кисе,
Қаға-қаға тоздырар.
***
Ат мінбеген ат мінсе,
Шаба-шаба өлтірер.
Тон кимеген тон кисе,
Сілке-сілке тоздырар.
***
Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.
***
Ат өледі, құс қашады.
***
Ат өлсе – ер-тоқым үйіледі,
Құс өлсе – тұғыры күйінеді.
***
Ат өлсе, иттің тойы.
***
Ата өліп, бала қалса,
Мұратына жеткені.
Бала өліп, ата қалса,
Арманы іште кеткені.
***
Ата өлсе де, атаны көрген өлмесін.
***
Ата өлсе, бала аман.
***
Ата тұрып бала қалса, мұратына жеткені,
бала өліп ата қалса, арманы іште өлгені.
***
Атағы шыққан өлмейді,
Есте қалмаған өледі.
***
Атадан туған алтау едік,
Өле-өле жетеу болдық.
***
Атақсыз ұры бие байлап,
Атақты ұры аштан өліпті.
***
Атақты ұры аштан өледі.
***
Атақты ұры аштан өледі,
Атақсыз ұры қабын толтырады.
***
Атан өлсе, тайлақ бар,
Жүгі жерде қалмасқа.
Атаң өлсе, бала бар,
Орны қараң қалмасқа.
***
Атан өлсе, сойылар,
Атаң өлсе, қойылар,
Қансонар қайдан табылар.
***
Атаның жаманы малға ортақ,
әзірейілдің жаманы жанға ортақ.
***
Атаң өлсе де, атаңды көрген өлмесін.
***
Атаң өлсе, өлсін,
Атаңды көрген өлмесін.
***
Атаңа нәлеттен кісі өлмейді.
***
Атасы өлген жөн жетім,
анасы өлген шын жетім.
***
Атқа міндің – ажалға міндің.
***
Аты қалған ер өлмейді.
***
Аузы берен жігіттің бір ажалы көптен,
Штаны жоқ әйелдің бір ажалы шөптен.
***
Ауру адам айт күні өледі.
***
Ауру адам өле-өлгенше жаннан үміт күтеді.
***
Ауру – ажалдың поштабайы.
***
Ауру аздырады,
Өлім аза қылады.
***
Ауру алмайды,
Ажал алады.
***
Ауру елемеген – өлер,
Дау төлемеген – төлер.
***
Ауру – көрде,
Сау – төрде.
***
Ауру қанша қатты болса да,
Өлімнің кепілі емес.
***
Ауру өлгенше жанынан дәмелі,
Бай өлгенше малынан дәмелі.
***
Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі.
***
Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,
Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі.
***
Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,
Жарлы өле-өлгенше малдан дәмелі.
***
Ауру өлмес, ажалды өлер.
***
Ауру өледі, кепіл күйеді.
***
Ауру – өлім хабаршысы, белесі.
Өлім деген – тіршіліктің елесі.
***
Ауру – өлімнің алғашқы елшісі.
***
Ауру – өлімнің түрткісі.
***
Ауру шықпаған жаннан дәмелі,
Жалқау бітпеген малдан дәмелі.
***
Ауруда өлесің деген жаман,
Дауда бересің деген жаман.
***
Ауруды елемеген өледі,
Дауды елемеген төлейді.
***
Ауруды жасырма, әшкере қылады,
Өлімді жасырма, масқара қылады.
***
Аурудың сары уайымға берілгені –
Өлімнің қыр басынан көрінгені.
***
Аурулы өлмейді,
Ажалды өледі.
***
Ауруын емдетпеген тез өледі.
***
Ауруын жасырған өледі.
***
Ауруын жасырған өлер.
***
Ауырғанның бәрі өле берсе,
Аспан асты бос қалар.
***
Ауырлықты жер көтерер,
Ауыр қазаны ер көтерер.
***
Ауырып ажалымен өлмеді,
Аштан үзіліп өлді.
***
Аш адам жүріп өледі.
***
Аш адам тұрып өлмейді, жүріп өледі.
***
Аш болып тірі жүргенше,
Тоқ болып өлген артық.
***
Ашаршылықта бай баласы бұрын өледі.
***
Ашаршылықта қомағай бұрын өледі.
***
Ашаршылықтан көп көрдім,
Май жеген өлмейді екен.
***
Ашкөздің көзін тек топырақ толтырар.
***
Аштан өлген кісінің моласы жоқ.
***
Аштан өлмей, көштен қалмай.
***
Аштан өлгеннен жарылып өлген абзал.
***
Аштан өлместей,
Көштен қалмастай.
***
Аштан өлсең де, ата кәдеңді қойма.
***
Аштан өлсең – өл,
Аттан өлме.
maqal-matel.kz
