Ағайынның қадірін алыста жүргенде білесің.
***
Ағаш кессең, ұзын кес –
Қысқартуың оңай.
Темір кессең, қысқа кес –
Ұзартуың оңай.
***
Ағаш кессең, ұзын кес –
Шаба келе қысқарар.
Темір кессең, қысқа кес –
Соға келе ұзарар.
***
Адалдық ардың ісі,
Ауырлықты көтеру нардың ісі.
***
Адалдықтың адымы алты құлаш,
Арамдықтың адымы жарты құлаш.
***
Адам баласы тастан қатты емес.
***
Адам билән адамның арасы –
Аспан билән жер арасы.
***
Адам болатын бала алысқа қарайды.
***
Адам гүлден нәзік, тастан қатты.
***
Адам ғұмыры қамшы сабындай қысқа.
***
Адам өмірі қылдан да жіңішке.
***
Адамға шабатын арыстаннан
Жүк таситын есек артық.
***
Адамнан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен – ас жоқ.
***
Адамның көзі – таразы.
***
Адамшылықтың жоғарғы сатысы – арын сақтау.
***
Адым жерде олжа бар,
Адам бар жерде пәле бар.
***
Ажал қиуадан келіп,
Қимасыңды алады.
***
Аз дәлелден көп мағына тәлім болады,
Уыс дәннен бидайдың қасиеті мәлім болады.
***
Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.
***
Азамат ердің ішінде ат басындай шер өсер.
***
Азынаған аязда,
Шапаныңнан тон артық.
Шала оқыған сабаздан
Көпті түйген көне артық.
***
Ай жүзді әйелден
Әдемі ән әлдеқайда артық.
***
Ақ сәлделі қожадан,
ақ жаулықты әйел артық.
***
Ай туғанда алдымен кішкентай көрінер.
***
Ақша қарда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар.
Алыс жерде көп жүрсең,
Көңілің бір күн тарығар.
***
Ақыл ауыр болмайды,
Азық ауыр болмайды.
***
Ақыл ойдан артық.
***
Ақыл ойдан артық емес.
***
Ақылды адам батпан-ақ,
ақылсыз адам сасқалақ.
***
Ақылдыны алысым деме,
Ақылсызды жақыным деме.
***
Ақылдың өлшемі – парасат.
***
Ақылдың өлшеуі – қалам.
***
Ақылменен пішкен тон
Кем де, кең де болмайды.
***
Ақылсыз достан ақылды дұспан артық.
***
Ақылы аздың азабы көп.
***
Ақылың болса, ұзақ жерге сапар шек.
***
Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.
***
Ақымақты түсіндіргеннен,
Өлікті тірілту оңай болады.
***
Ақымақтың үлкен-кішісі болмайды.
***
Ақырын жүрсең, алысқа кетерсің.
***
Ала берсең, жеңіл болар,
Қоса берсең, көп болар.
***
Алақаннан жем жеген құс алысқа ұшпайды.
***
Аласаны ат санама, ағайынды жат санама.
***
Аласаны ат санама,
Азаматты жат санама.
***
Аласаны атқа санама,
Жақсыны жатқа санама.
***
Аласаны атқа санама,
Жаманды затқа санама.
Бір сынаған жаманды,
Екінші рет сынама.
***
Алдыңдағы ауды көрмесең де,
Ұзақтағы жауды көре біл.
***
Алмақтың да алмағы бар,
Ат көтере алмас салмағы бар.
***
Алмақтың да алмағы бар,
Ат көтермес салмағы бар.
***
Алмақтың да салмағы бар.
***
Алмақтың салмағы бар,
Берудің сұрауы бар.
***
Алпыс батпан көтерген кісі
Бес батпан қосқаннан қорықпайды.
***
Алтын басты әйелден
Бақыр басты еркек артық.
***
Алтын басты қатыннан
Бақыр басты ер артық.
***
Алыс болса да, білген жолыңмен жүр.
***
«Алыс» деме, жүріп кетсең, жетер ерсің,
«Ауыр» деме, иыққа алсаң, көтерерсің.
***
Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жүк ерді сынайды.
***
Алыс жорық атты сынайды,
Ауыр жүк нарды сынайды.
***
Алыстан ердің дарпы бар,
Қасына келсең, баладай.
Алыстан таудың дарпы бар,
Қасына келсең, обадай.
***
Алыстан көрсең алдырмайсың,
Досыңды жауға қалдырмайсың.
***
Алыстан шабынған бураның күші қайтар.
***
Алыста таудың даңқы бар,
Қасына келсең обадай.
Алыста ердің даңқы бар,
Қасына келсең баладай.
***
Алысты жақындататын ат,
Жақынды алыстататын жат.
***
Алысты жақын қылған ат әулие,
Алашты жақын қылған қыз әулие.
***
Алысқа кеткеннен ақыл сұрама.
***
Алыстағы аз несібеден сақта.
***
Алыстағы дұшпаннан
Қасыңдағы қас жаман.
***
Алыстағы жаудың дүбірінен қорықпа,
Қасыңдағы жаудың күбірінен қорық.
***
Алыстағы жауыңнан
Айнып кеткен дос жаман.
***
Алыстағы су шөліңді қандырмас.
***
Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.
***
Анасын көріп қызын ал,
қарысын көріп бөзін ал.
***
Арам – ауыр,
Ақ – жеңіл.
***
Арамдықтың адымы алты тұтам,
Арамдық қашып алысқа бармайды.
***
Арамдықтың арқаны қысқа.
***
Арамдықтың өрісі – алты-ақ адым.
***
Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.
***
Арқан бойы жердің – тұсау бойы төтелігі бар.
***
Арқан бойы жолдың тұсау бойы төтелігі бар.
***
Арқанның ұзыны жақсы,
Әңгіменің қысқасы жақсы.
***
Арқанның ұзыны жақсы,
Сөздің қысқасы жақсы.
***
Арқанның ұзыны, тұсаудың қысқасы жақсы
***
Армандаған арғымақтан,
Қолыңдағы тай артық.
***
Армансыз адам – алысқа бармас.
***
Артқан жүгің ауыр болса,
Ат-атаның жауыр болар.
***
Артық өнер бас жояды.
***
Артық сөйле, кем сөйле,
Таразылай тең сөйле.
***
Арық атқа қамшы ауыр.
***
Арық сиырға жуан мүйіз.
***
Арын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
***
Ас үстінен аттама,
Астан үлкен емессің.
***
Аса ұзын – ақымақ,
Аса қысқа – арамза.
***
Асқабақпен семірген малың құрсын,
Жөмелекпен ұзарған шашың құрсын.
***
Асылсаң биікке,
Жығылсаң майданға.
***
Ат алсаң, жақыннан ал,
Әйел алсаң, алыстан ал.
***
Ат болатын құлынның басы кез болады,
Адам болатын баланың аңдығаны сөз болады,
Қошқар болатын тоқтының тұмсығы дөң болады.
***
Ат мінген қойшының аяғы ұзын,
Өгіз мінген қойшының таяғы ұзын.
***
Ата алмағанның оғы алты құлаш.
***
Атаға бала жеттім десе де,
Батпан ширек төмен болады.
***
Атадан бала батпан артық тудым десе,
Ширек кем туады.
***
Атадан бала ширек кем туады.
***
Атадан бала ширек төмен туады.
***
Аталастан ауылдас жақын.
***
Атасыз ұлдың аузы үлкен.
***
Атқа бергісіз құнан бар,
Қызға бергісіз жуан бар.
***
Аттың атағы үлкен,
Түйенің табаны үлкен.
***
Аттың басы үлкен болса, соғым болады,
Ердің басы үлкен болса, бұғым болады.
***
Атыңа ауыр жүк артпа,
Анаңа ауыр сөз айтпа.
***
Аузы кіші, қарны әйдік,
Қой семірсе, көтерер.
***
Аузы кіші, қарны әйдік,
Қой семірсе, көтерер.
Қарны кіші, аузы әйдік,
Ит семірсе, көтерер.
***
Ауған жүк алысқа бармайды.
***
Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.
***
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
***
Ауылға жақындағанда ит те үреді.
***
Ауыр бала дегенше, ауру бала десеңші,
Момын бала дегенше, боғым бала десеңші.
***
Ауыр жол – атанды сынайды,
Ауыр іс – адамды сынайды.
***
Ауыр сөз айтқан дос емес.
***
Ауыр істен қорықпа,
Ауыр сөзден қорық.
***
Ауыр істің салмағы білекке түсер,
Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер.
***
Ауырды күндіз мен көтерейін,
Түнде сен көтер.
***
Ауырды нар көтереді,
Әзілді жар көтереді.
***
Ауырды нар көтерер күшті болса,
Әзілді жар көтерер ішті болса.
***
Ауырдың үстіне шығып,
Жеңілдің астына түсуге әуестенбе.
***
Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен.
***
Ауырлықты жер көтерер,
Ауыр қазаны ер көтерер.
***
Ауырлықты жер көтереді,
Ауыр жүкті нар көтереді.
Ауыр қайғыны ер көтереді.
***
Ауырлықты нар көтереді,
Нар көтермесе, бар көтереді.
***
Ащыны аяған – тұщыға зар болады.
***
Ашу кейіпті бұзады,
Білім биікті бұзады.
***
Ащы иә тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.
***
Ащы еңбектен тәтті нан.
***
Аяғы үлкен сиғанын киеді,
Аяғы кішкене сүйгенін киеді.
***
Аянкестің белгісі –
Арықты да «жар» дейді.
Еркетайдың белгісі –
Кең дүниені «тар» дейді.
maqal-matel.kz
