А

Ағайын жақсы деме, түйіп кетеді.
Ағаштан құман қойма, күйіп кетеді.
***
Ағаш қазанның түбі күйер.
***
Адалдық жанған өртін сөндірер,
Арамдық жауды үйіңе төндірер.
***
Адам аласынан сөз аласы жаман,
От шаласынан сөз шаласы жаман.
***
Аз от алауласа, шаһар өртейді.
***
Айдап сал жаққан от жанса,
Сақтықтың суын сеп.
***
Айтсам, тілім күйеді,
Айтпасам, ділім күйеді.
***
Аққа жаққан шырақты
Ақылсыз үрлеп өшіре алмайды.
***
Ақтың еті ыстық,
Қараның оты ыстық.
***
Ақтың отын ақымақ та сөндірмейді.
***
Ақылды болсаң, азбайсың,
Білімді болсаң, маздайсың.
***
Ақылы азған адам өзін-өзі отқа тастайды.
***
Алас-аласқа да от керек.
***
Алла салған отты адам өшіре алмас.
***
Алла салған отты
Ақымақ өшіре алмас.
***
Алты ай от болып,
Айырылар күні боқ болма.
***
Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да отқа сал.
***
Алтын отта сыналар,
Адам жоқта сыналар.
***
Ананың сүйген жері,
Отқа күймейді,
Оқ та тимейді.
***
Апат айтып келмейді.
***
Апат алпыс түрлі,
Жұт жетпіс түрлі.
***
Арба сынса – отын,
Өгіз өлсе – соғым.
***
Арғымақ атқа – алтын қасты ер керек:
Арқалап отын тасыған,
Арқасы терге сасыған.
***
Арша жаққанның айлығы кетеді,
Тал жаққанның тайлығы кетеді.
***
Асы жоқ алтын аяқтың
Алтынын ал да, отқа жақ.
***
Асулы қазан, жағулы от.
***
Атағың шықпаса, жер өрте.
***
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар.
***
Атадан жақсы ұл туса,
Мұз үстінен от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Түйе үстінен ит қабар.
***
Атың арық болса, бір шап,
Отының аз болса, бір жақ.
***
Атың шықпаса, жер өрте.
***
Атыңа батса алтын ер,
Атып ұр да,
Отқа жақ.
***
Аузы күйген үріп ішер.
***
Аузын бағып айтқанның – аузы күймес.
Отын бағып жатқанның жеңі күймес.
***
Ауру өледі, кепіл күйеді.
***
Ашқа қазан астырма,
Тоңғанға отын жақтырма.
***
Ашыққанға қазан астырма,
Тоңғанға от жақтырма.

maqal-matel.kz