Гүл арасы тікенсіз болмайды,
Тікен арасына да гүл бітеді.
***
Гүл сүйген тікеннен қорықпайды.
***
Гүл тікенмен бірге өседі,
Қуаныш қайғымен бірге жүреді.
***
Гүл тікенсіз болмас.
***
Гүлсіз жапырақ тұл,
көксіз топырақ тұл.
***
Гүлші бір гүл өсіргенше,
Жүз тікеннің уын жұтады.
***
Гүлі бардың тікені бар.
maqal-matel.kz
