Бағуыңа қарай мал өседі,
Тәрбиеңе қарай бала өседі.
***
Бақпаса мал өспейді,
Баптамаса егін өспейді.
***
Бақсаң, қайғы-қуаныштың арты сол,
Мәз боп өссең, мұң басады, шарты сол.
Семіртеді, шат қып көңіл өсірер,
Аздырады сосын қайғы-қасірет.
***
Бала атадан туады,
Ақыл өзінен туады.
***
Бала теңіне қарап өседі.
***
Балам өсті дегенше,
Батыр өсті десейші.
Батыр өнер білмесе,
Қапыл өсті десейші.
***
Баланы сылау өсіреді,
Қарды қырау өсіреді.
***
Баланың тууын айтпа, тұруын айт.
***
Балаңды жасыңда жақсы тәрбиелесең,
Өскенде баласынан ұялмас.
***
Бар болғанның белгісі – туғандығы.
***
Бар ізгілік түйсіктіге саяды,
Ер біліммен өсіп, атын жаяды.
***
Батыр кісі әр қатыннан туады,
Әділ би бір қатыннан туады.
***
Батыр туса, ел ырысы,
Жаңбыр жауса, жер ырысы.
***
Бәлекей қыз өспей ме,
Көкейіңді теспей ме!
***
Бересіңнен құтылсаң, берекеңнің өскені.
***
Босағада туып па еді, төрге отыр.
***
Білім іздеген өсер,
Бүлік іздеген өшер.
***
Бір анадан бала да туады, пәле де туады.
***
Бір баланы тәрбиелеп өсіргенше,
Үлкен қала құрылады.
***
Бір күн тусаң, бір күн өлерсің.
***
Бір күн туылыппын,
Бір күн өліппін.
maqal-matel.kz
