Адам бақытты өз елі мен жерінен табады.
***
Адам отанын іздейді,
Қой қотанын іздейді.
***
Адам шыққан жері Мысыр шаһарындай.
***
Адамға ыстық туған топырақ қана,
Отанның қадірін білген адам ғана.
***
Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
***
Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туар ел үшін.
***
Арқа сүйер елің болсын,
Аунап жатар жерің болсын.
***
Арқаға барсаң, жылқышымын деме,
Жетісуға барсаң, қойшымын деме,
Үшқиянға барсаң, түйешімін деме.
***
Арша өскен жерінде
Адамзат өскен елінде.
***
Арыңды ардақтасаң,
Отаныңды сыйла,
Өйткені Отан арыңнан да қымбат.
***
Ат алсаң, ауылыңмен (ойлас),
Түйе алсаң, отаныңмен.
***
Ат тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
***
Ата мекен — анаң екен,
Қысылғанда панаң екен.
***
Атамекен туған жер –
Кір-қоңыңды жуған жер,
Кіндігіңді кескен жер,
Кісі болып өскен жер.
maqal-matel.kz
