Бай баласы мақтанса,
«Жылқыдан жорға міндім» дейді.
Би баласы мақтанса,
«Парадан шапан кидім» дейді.
***
Бастығы парақор болса,
Бағынған елі пәлеқор болады.
***
Берген алар, еккен орар.
***
Берген бекке жағады,
Бермеген кімге жағады.
***
Берген берік есікті ашар.
***
Берген биге жағар,
Бермеген неге жағар.
***
Берген жомарт емес, алған жомарт.
***
Берген перде бұзады.
***
Берген перде бұзар.
***
Берген перне бұзар.
***
Бергенге бес те көп,
Алғанға алты да аз.
***
Бергенді тастама, бермегенге қақсама.
***
Бергеннің бетіне қарама.
***
Береген қолым алаған.
***
Берейін деген қолына,
Шығарып салар жолына.
Бермеймін деген қолына,
Табылмайды пұлына.
***
Беретін кісім келгенде,
Бес қайнайды қазаным.
***
Берсең – аласың,
Ексең – орасың.
***
Би жылында жейді,
Молда күнінде жейді.
***
Бидің пара алғаны – боқ жегені,
Арамдығы бар, адалдығы жоқ дегені.
***
Бұл дүние уақытша әуре, далбаса,
Бір тоймайды айдаһардай жалмаса.
***
Бұратынына бұрады,
Бұрмайтынын қос қолдап ұрады.
***
Бірді берсең маған,
Мыңды беремін саған.
maqal-matel.kz
