Байлап кетсе де, бақырма.
***
Байлардың сыйлығынан
Кедейдің сабыр еткені артық.
***
Байыпты болсаң,
Айыпты болмайсың.
***
Байыпты сөздер бір-біріне ұқсап тұрады.
***
Бақ келді деп таспа,
Жау келді деп саспа.
***
Бақытты болсаң, байыпты бол.
***
Бақытың өскенде, барыңа берен бол,
Бақытың қайтқанда, сырыңа терең бол.
***
Балға болғаныңда ұрып бақ,
Төс болғаныңда төзіп бақ.
***
Бар болсаң, таспа,
Жоқ болсаң, саспа.
***
Барына қанағат, жоғына сабыр.
***
Барына разы бол, жоғына сабыр ет.
***
Барына шүкір,
Жоққа сабыр.
***
Батыр – жауда,
Сабыр – дауда.
***
Батырды жауда,
Данышпанды ашуланғанда,
Досты жоқтықта сына.
***
Батырлығың не керек,
Байсалдылық болмаса.
Ақындығың не керек,
Айтарлығың болмаса.
***
Бәле келсе, «кетер» деп төзімді бол.
***
Бол ұстамды, қатты келсе қаһарың,
Сабыр етсең, келер шаттық баһарың.
***
Бұйырған кетпес,
Асыққан жетпес.
***
Білген кісінің ісі байыпты.
***
Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылын айтар,
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар.
***
Білімдіні көрсең, қадір тұт,
Білімсізді көрсең, сабыр тұт.
***
Бір ауруға дәрі керек,
Бір ауруға сабыр керек.
***
Біреу күлсе, бетіне күл шашпағын,
Жылы жүзбен күле қара, саспағын.
maqal-matel.kz
