Абайлап сөйле сөзіңді,
Қабырғаның да құлағы бар.
***
Абайлап ұшпаған құс қанатынан айрылар.
***
Адал дос жаныңды сақтайды,
Аяр дос малыңды жақтайды.
***
Адамды білім сақтайды.
***
Адамның жанын сақтайтын да,
Құртатын да – тіл.
***
Адамшылықтың жоғарғы сатысы – арын сақтау.
***
Айдап сал жаққан от жанса,
Сақтықтың суын сеп.
***
Айтқан сөзің – атқан оқ,
Нысанаңды абайла.
***
Ақсақ ақыл,
Таз бақыл,
Ала бәле соқырдан сақтан.
***
Ақтан жабысқан пәледен сақтан,
аяқ астынан жапқан жаладан сақтан.
***
Ақыл ердің қорғаны.
***
Ақылды арын қорғайды,
Сараң малын қорғайды.
***
Ақылды үшін дүние толған тікенек,
Бассаң, кірер аяғыңа, байқа тек!
***
Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.
***
Ақымақтан ары тұр, бәлесі жұғады.
***
Алғаш күзет, кейін түзет.
***
Алданудан сақтану – ақылдылық.
***
Алды-артыңды абайла,
Ақыл артық қалайда.
***
Алдын аңла, кейін таңла.
***
Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара.
***
Алтының көп те болса, ішке сақта.
***
Алысқан жауға арқанды көрсетпе.
***
Алыстағы аз несібеден сақта.
***
Алыстан көрсең алдырмайсың,
досыңды жауға қалдырмайсың.
***
Аңғырт бөрі қой үркітеді,
Абайсыз ұры қолға түседі.
***
Аңсыздық – қамсыздық.
***
Арғымақ, сені сақтадым –
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп.
***
Арзымасқа алдырма,
Аяғыңнан шалдырма.
Арзымасқа алдырып,
Аяғыңнан шалдырып,
Атаңды ұятқа қалдырма.
***
Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.
***
Асты ас сақтайды,
Досты дос сақтайды.
***
Астыңдағы атыңа сенбе,
Қойныңдағы қатыныңа сенбе.
***
Асыққан қалар ұятқа,
Сақтанған жетер мұратқа.
***
Ат атты, тон тонды сақтайды.
***
Атаңнан қалса теберік,
Сақта оны тым берік.
***
Аузы күйген үріп ішеді.
***
Ашулыдан алты табан қашық тұр.
***
Аюды ноқталап мініп,
Қойдың қозысынан шошыпты.
***
Аюмен жолдас болсаң,
айбалтаң жаныңда болсын.
***
Аяғыңды аңдап бас.
maqal-matel.kz
