Б

Бадырақ көз сен тимесең, мен тимен.
***
Байқап сөйлегеннің ерні ауырмайды,
Аңдап кескеннің бармағы ауырмайды.
***
Балуанның жаманы – жығылған соң қалтияр,
Күзетшінің жаманы – жау кеткен соң қалтияр.
***
Бар бақытты сақта, өсектен жұтатар,
Ол кіріссе, жоқтан отты тұтатар.
***
Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.
***
Барша бекке ас қатер.
***
Бас кетпесін, сөзіңді бақ күзетіп,
Тіс сынбасын, тіліңді бақ түзетіп.
***
Басқа бәле қайдан,
Басқа бәле тілден.
***
Басқа пәле қайдан-ды?
Басқа пәле тілден-ді.
***
Басқа пәле тілден.
***
Басқаға ор қазба, өзің түсесің.
***
Басым аман болсын десең,
Тіліңді тоқтат.
***
Басына бәле тілеген адам
Сұлтанның сөзін қайырар.
***
Бәле әкелер рас сөзден жырақта,
Берекелі жалған сөзге тұрақта.
***
Бәленің сенде несі бар, қаша жүрсең,
Бәленің сенен басқа несі бар,
Бір шетінен баса жүрсең.
***
Бес күндігін ойламаған әйелден без,
Бес жылдығын ойламаған еркектен без.
***
Бесті айғырдың бетінен сақтан.
***
Болма босаң, сақта сақтық іргесін,
Төтен бәле иектеп ап жүрмесін.
***
Бөрікті тастап бөріден құтылуға болмайды.
***
Бұ қу тамақ талай елге апат боп,
Жер қойнына кірген олар опат боп.
***
Бұл өмірдің балында ара бар, сақтан.
***
Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.
***
Бұтаққа қорғалаған торғай да қалады.
***
Бұтаны қорғалаған
Торғайдың да жаны қалады.
***
Білемін деген тұтылады,
Білмеймін деген құтылады.
***
Білмеген мың бәледен құтылар.
***
Білмеген мың пәлеге тұтылар,
Білген мың пәледен құтылар.
***
Білімдар нәпсі, тілді түзетеді,
Екеуін еркі жетіп күзетеді.
***
Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын.
***
Біреу күле қараса, жылы жүзбен таста көз,
Сақта тілді жаманнан, жақсы тілеп баста сөз.
***
Біреу сенің сындырар қазаныңды,
Сен сындырсаң біреудің тағарасын.
«Шырмайынан сақтап бер» деген мақал,
Жеген болсаң біреудің зағырасын.
***
Біреуден алсаң аманат,
Берсең, жақсы саламат.
Жанжал қылсаң, бақ кетер,
Ақыры болар жаман ат.
***
Біреудің ұйқысын бұзсаң, сақтығы артар.

maqal-matel.kz