А

Айбынды салтын ел бұзбас,
Адамдық антын ер бұзбас.
***
Айран ұйытса, іріткен,
Тері илесе, шіріткен.
***
Айтқанмен жарамазан тоямыз ба,
Бұрынғының кәдесін қоямыз ба?
***
Ақ бөкенді жатыр деме,
Көшпенді елді отыр деме.
***
Ақсақ ит сау иттен сауға тілейді.
***
Алты жыл аш болсаң да,
Атаңның салтын ұмытпа.
***
Алты күн аш болсаң да,
Ата әдетін қойма.
***
Алты күн аш болсаң да,
Атаның әдетін қойма.
***
Ант бұзған оңбайды,
Салт бұзған сорлайды.
***
Ата жолы – бала жолы.
***
Ата салтың – халықтық қалпың.
***
Атадан бала тумас па,
Ата жолын қумас па.
***
Атадан бала туар,
Ата жолын қуар.
***
Атадан жақсы ұл туған-ды,
Ата жолын қуған-ды.
***
Атадан ұл туса еді,
Ата жолын қуса еді.
***
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
***
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі,
Беліне садақ буса игі.
Бетіне келер ұятын
Өзі біліп жуса игі.
Өзі біліп жумаса,
Бәрінен де жоғы игі.
***
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Атадан ұл тумаса,
Ата жолын қумаса,
Тумағаны көп игі.
***
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Ата жолын қумаса,
Барынан да жоғы игі.
***
Атақсыз ұры бие байлап,
Атақты ұры аштан өліпті.
***
Аталыдан би болса,
Аузы кетпес турадан.
Бас қосылған әр істе
Сөзі кетпес жорадан.
Атасыздан би болса,
Аузы кетпес парадан.
Қайда болса шіркіннің
Арты кетпес жаладан.
***
Атаның салған жолы бар,
Ананың тіккен тоны бар.
***
Атаңның қылғанын қыл.
***
Аштан өлсең де, ата кәдеңді қойма.

maqal-matel.kz