А

Ағайынды жатқа сатқан жаман,
Биені атқа сатқан жаман.
***
Ағайынды жатқа сатқан жаман,
Биесін атқа сатқан жаман.
***
Адал дос алтыннан қымбат.
***
Адал дүниеге есеп керек.
***
Адам – дүниенің ажары,
Дүние – өмірдің базары.
***
Ажал ажарына да қарамайды,
Базарына да қарамайды.
***
Ажал ажарыңа да қарамайды,
Базарыңа да қаратпайды.
***
Ажалдан ақша беріп құтылмайсың.
***
Ажарлы мал базарлы.
***
Ажарына қарай атын ал,
Базарына қарай затын ал.
***
Ажарына қарап, атын ал,
Базарына қарап, затын ал.
***
Аз арулы, сый сатулы.
***
Аза арулы,
Сый сатулы.
***
Азы қарулы,
Сый сатулы.
***
Айғақ өлер, кепіл төлер.
***
Айна менен тарақ бар,
Алмасаң да қарап қал.
***
Айыбы бар мал қашан да арзан.
***
Ақ теріні қара теріге айырбастап.
***
Ақша ақылды адамның да көзін тұндырады,
Ашкөздік ұшқан құсты да торға түсіреді.
***
Ақша ашпайтын құлып жоқ.
***
Ақша болса алақанда сауда қайнайды.
***
Ақша болса, қыз табылар.
***
Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
***
Ақша тиыннан,
Арғымақ құлыннан.
***
Ақша тиыннан өседі,
Жылқы құлыннан өседі.
***
Ақша үшін әркім-ақ істейді,
Әділдік үшін кім істейді?
***
Ақшада көз жоқ.
***
Ақшадан уәде күшті.
***
Ақшаны жолда тапсаң да,
Санап ал.
***
Ақшаның жайын жарлыдан сұра,
Адамның жайын арлыдан сұра.
***
Ақшаңнан айрылсаң,
Өкінерсің, күйінерсің.
Арыңнан айрылсаң,
Қайтып тірі жүрерсің.
***
Ақшасы жоқ базардан,
Ат шалдырған жер артық.
***
Ақшасыз базарға барғанша,
Кебінсіз көрге кір.
***
Ақшасыз базарға барғанша,
Кетпен алып мазарға бар.
***
Ақыл – гауһар бағасыз,
Ақымақ – ауру дауасыз.
***
Ақыл базарда сатылмайды.
***
Ақылды ердің көзін ақша байлайды,
Қыл тұзақта құс құлқынын ойлайды.
***
Ақылдыға – жан қымбат,
Ақылсызға – мал қымбат.
***
Ақылы аз деп қорсынба, пайдасы тиеді.
***
Ақысын берсе, боқысын шығарар.
***
«Ал» десең, қуанар,
«Бер» десең, күйінер.
***
Ала жағым кетсе де,
Айта жағым кетпесін.
***
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.
***
Алғаның жаман болса да сатылмасын.
***
Алғаның жаман болса, шара жоқ,
Атың жаман болса, баға жоқ.
***
Алғаның – олжа,
Сатқаның – зиян.
***
Алғашқы сауда – сауда,
Кейінгі сауда – дауға.
***
Алдамасаң – базар жоқ.
***
Алдың – ұттың,
Саттың – жұттың.
***
Алмақ түбі – салмақ.
***
Алмақтың да салмағы бар.
***
Алмақтың салмағы бар.
***
Алмақтың салмағы бар,
Берудің сұрауы бар.
***
Алты күн аш болсаң да,
Атаңның атын сатпа.
***
Алтыға алып, беске сат,
Атың шықсын саудагер.
***
Алтыға алып,
Беске сатпас болар.
***
Алтын базарында бағалы.
***
Алтыннан қымбат сөз айтсаң,
ақымақ құлақ салмайды.
***
Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды.
***
Алушы – арыстан,
Төлеуші – тышқан.
***
Алушы мал таныса, сатушыға не тұрыс!
***
Алушыдан қалмайды, айтушыдан қалады.
***
Алып – алтау болмас,
Жеп – жетеу болмас.
***
Ар сатып алған атақтан,
Тер сатып алған мал артық.
***
Араққор дүкен аңдиды.
***
Арамдық
Адамның ажарын бұзады.
Ант ұрған
Халықтың базарын бұзады.
***
Аран үшін арын сатқан оңбас,
Арам үшін жанын сатқан оңбас.
***
Арғымақ атқа тай төлеу.
***
Арғымақтың жақсысы:
Шапса – көлік, сатса – пұл.
***
Арғымақтың құйрығы,
Сатсаң жібек, кессең қыл.
Жақсы адамның белгісі,
Үйде мырза, түзде құл.
***
Арзан алдайды.
***
Арзан аурусыз болмайды,
Қымбат қасиетсіз болмайды.
***
Арзан би ғиллат болмайды,
Қымбат би хикмат болмайды.
***
Арзан болар алтын сөз,
Елеусіз жерге тастаса.
***
Арзан болса алушыдан ынсап кетеді,
қымбат болса сатушыдан ынсап кетеді.
***
Арзан менен қымбатты
Базардағы біледі.
Қожа менен молданы
Мазардағы біледі.
***
Арзан менен қымбаттың
Базарда шыққан нарқы бар.
Жақсы менен жаманның
Жер мен көктей парқы бар.
***
Арзан менен қымбаттың
Базар берер нарқы бар,
Жақсы менен жаманның
Адам берер парқы бар.
***
Арзан мүлік сатып алатын бай емеспіз.
***
Арзан нәрсе жерде жатар,
Парша, жібек төрде жатар.
***
Арзан сатқан жолдасынан көреді.
***
Арзанға келген ардақталмайды.
***
Арзанның жілігі татымайды.
***
Арзанның сорпасы татымас.
***
Арзымасқа ақылыңды тауыспа.
***
Ар сауғанның ары кетеді,
Бағасы қалмайды.
***
Артық пайда бас жарады.
***
Арын сатқан бәрін сатар.
***
Арын сатқан ер оңбас,
Ажарын сатқан сері оңбас.
***
Арын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
***
Арыңды ардақтасаң,
Отаныңды сыйла,
Өйткені Отан арыңнан да қымбат.
***
Арыңды сатпа, малың сат.
***
Арыңды сатып мал жима,
Арам өлген артық одан да.
***
Аса пайда пайда етпес,
Пайда етсе де бай жетпес.
***
Ат алсаң, ауылыңмен ал.
***
Ат алсаң, ауылыңмен (ойлас),
Түйе алсаң, отаныңмен.
***
Ат алсаң, ауылыңменен.
***
Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.
***
Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң, көзі менен қасын ал.
***
Ат алсаң, жақыннан ал,
Әйел алсаң, алыстан ал.
***
Ат барда, есекке жол болсын,
Дос барда, есепке жол болсын.
***
Ат жақсысы – шанада,
Жігіт жақсысы – саудада.
***
Ат жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.
***
Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас.
***
Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас,
Аулың болмаса, бөркіңмен ақылдас.
***
Аталастың саудасы айында қайтады.
***
Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
***
Ата даңқымен қыз өтеді,
Саудагер даңқымен бөз өтеді.
***
Атақ бермегенді базар береді.
***
Атаның атын асқа сатпа.
***
Атаның құны, ананың сүті.
***
Атаң бермегенді базар берер.
***
Ататекке қарамай,
Ақшаға қазақ сатылар.
Тексізден қойған биіңіз
Жұртқа тырнақ батырар.
***
Атсыздың атасының құны кетеді.
***
Атлас – қымбат, бөз – арзан,
Көп сөйлеген сөз – арзан.
***
Атың жаман болса,
Сатып құтыларсың,
Көршің жаман болса,
Қайтіп құтыларсың?
***
Атың жаман болса, сатарсың да,
Қатының жаман болса, кайтесің?
***
Атың жаман болса, сатып құтыласың,
Қатының жаман болса, қайтып құтыласың.
***
Атың өтімді болса,
Өмірің татымды болады.
***
Атыңды сат, тоныңды сат,
Жатарыңда бір тойып жат.
***
Атыңды сат, киіміңді сат,
Жатқанда тойып жат.
***
Ауру өледі, кепіл күйеді.
***
Ауруды елемеген өледі,
Дауды елемеген төлейді.
***
Ауызға келген сөз арзан,
Ауылға келген бөз арзан.

maqal-matel.kz