Сайт туралы

admin_mm

«Мақал – сөздің мәйегі» дегенді халқымыз текке айтпаса керек. Осыны білген Абай «Сөз өнері дертпен тең» дейді. Сөйте тұра Абай қазақтың мақал-мәтелдерінің біразын сынайды. Яғни, «заманның озығы бар, тозығы бар» деген халқымыздың ұлы перзенті мақал мен мәтелдің де озығы мен тозығы боларын білді.

Біздің мақсат – осынау киелі өнердің, қасиетті жәдігердің озығы мен тозығын ажырату емес. Керісінше Қазақ дейтін дана халықтың ғасырлар бойы жинаған рухани байлығының сығындысы, бойына біткен сөздің қаймағын келер ұрпаққа, керек еткен оқырманға жеткізу.

Сайт жасау идеясы біраз жылдан бері санамызда жүрген, соның сәті енді келген секілді. Бұл сайттан мақал-мәтелді, көсемсөз бен осы салаға қатысты зерттеу мақалаларын, қазақ тіліне аударылған өзге ұлттардың да мақал-мәтелдерін таба аласыз.

Сайттың жасалуына қаржылай көмек көрсетіп, ұлт үшін ұшықиырсыз еңбек жасаған азамат, белгілі медиа-менеджер Ержан Амангелдіұлы Бағдатовқа ерекше алғыс айтуды өзімізге азаматтық борыш санаймыз!