А

Ағайынды алқалап құрмет көрсет.
***
Адам қадірі достықта,
Ат қадірі жорықта.
***
Адам қадірі достықта білінер,
Ат қадірі жорықта білінер.
***
Азан айтпақ молдаға сый.
***
Азға қанағат қылғанды
Барлық жерде сыйлайды.
***
Ақыл – Алланың сыйлығы.
***
Ақыл-кеңес бергенге қызмет қыл.
***
Ақылсызға төре жоқ.
***
Алтынның қолда барда қадірі жоқ.
***
Аңқау қонақ үй иесін сыйлайды.
***
Арғымақтың қадірі жүргенде білінер,
Азаматтың қадірі өлгенде білінер.
***
Асыл сөз арнап берген сыйдан артық.
***
Ата-анаңды сыйласаң, көп жасарсың,
Сыйламасаң, жан қинарсың.
***
Ата сыйласаң алдыңа келер.
***
Атасын құрметтеп тұрған баланың
Тілеген тілегі қабыл болады.
***
Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
***
Атып әкелген аң сыйлыққа жатпайды.

maqal-matel.kz