Адасқан қаңғи береді,
Ұйқышыл қалғи береді,
Ақылсыз кәрі алжи береді.
***
Ажалы жеткен тышқан
Ұйықтап жатқан мысықты оятады.
***
Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ күшіне сенеді.
Әңгүдік түсіне сенеді.
***
Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ түсіне сенеді.
***
Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды.
***
Ала жібін аттамасам,
Даудың менде несі бар.
Ел шетіне түнемесем,
Жаудың менде несі бар.
***
Арғымақ аттың баласы
Аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
***
Аруаққа Құран оқи берсең,
Түсіңнен шықпайды,
Қайыршыға садақа бере берсең,
Үйіңнен шықпайды.
***
Аруақты есіркесең,
Түсіңнен шықпайды.
Мүсәпірді есіркесең,
Үйіңнен шықпайды.
***
Аштың ақылы тамағында,
Ұйықтамағанның ақылы қабағында.
***
Ашу жүйкені бұзады,
Жүйке ұйқыны бұзады.
maqal-matel.kz
