Абыройлы боламын десең,
Өз жұмысыңның ұстасы бол.
***
Ағасы ақылдының
Ауылы азбайды.
Жеңгесі шебердің
Жеңі тозбайды.
***
Ағаш аралаған – үйші,
Ел аралаған – сыншы.
***
Адырында арқар көп,
Адамында дарқан көп.
***
Айран ұйытса, іріткен,
тері илесе шіріткен.
***
Алтын балдақ –
Қол сәні,
Әшекей, кесте –
Тон сәні.
***
Алтын – жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса – бек тәжінің өрнегі.
***
Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.
***
Алтынды еріте білмеген ірітер,
теріні илей білмеген шірітер.
***
Алтыннан шыққан асыл емес,
Шеберден шыққан асыл.
***
Астыңда дөненің болғанша,
Қолыңда өнерің болсын.
***
Атадан мұра қын қалады,
Шеберден, сірә, мін қалады.
***
Ат жақсысы керуеннен,
Зат жақсысы шеберден.
maqal-matel.kz
