Б

Бай мақтанса, мақтансын,
Сабасының қоры бар.
Жарлы неге мақтансын,
Маңдайының соры бар.
***
Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз.
***
Бақыр қазан қайнаса —
Бәріміздің бағымыз.
Туған жердің әр тасы
Біздің алтын тағымыз.
***
Бақыр, қазан піскені бәрімізге пайдалы.
***
Бақыршының басы болғанша,
Алтыншының аяғы бол.
***
Барлық жүкті көтерген түйе,
Бақырды да көтеруге күші жетеді.
***
Бас-басыңа би болсаң,
Бір қазанға симайсың.
***
Бәйбішенің көркі – саба,
Келіншектің көркі – бала.
***
Бәлен жерде бақыр бар,
Барса, бақыр табылмас.
***
Безбетке қасық берсең,
Бір кезекте бес асар.
***
Беретін кісім келгенде,
Бес қайнайды қазаным.
***
Бермес келіге су құяды.
***
Берместің асы піспейді,
Қазаны оттан түспейді.
***
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
***
Бес биенің сүтіне саба толмас,
Тоғыз қой тұқым болмас.
***
Бос күбі күңгірлек.
***
Ботқаға қазан толмас,
Пұттаған сөзді қолдаған ұл,
Мұхамметке үммет болмас.
***
Бұл жатыстың ебі жоқ,
Бақыршылыққа себі жоқ.
***
Бұрынғының қыздары
Қырмызы қызыл жібектей.
Ендігінің қыздары
Түбі түскен шелектей.
***
Бір аяқ қымыздың екі ауыз сөздік желігі бар.
***
Бір аяқ қымыздың
Екі аяқ желі бар.
***
Бір аяқ қымыздың
Екі аяқ желігі бар.
***
Бір аяқтағы астың жартысы адал,
Жартысы арам болады.
***
Бір кісінің ішіне бір аяқ ас сияды.
***
Бір қазанға екі бидай қуырылмас.
***
Біреу сенің сындырар қазаныңды,
Сен сындырсаң біреудің тағарасын.
«Шырмайынан сақтап бер» деген мақал,
Жеген болсаң біреудің зағырасын.

maqal-matel.kz