Әділ бектің заңы жоғары.
***
Әділ заң – аспан тірегі.
***
Әділ туған заң жақсы.
***
Әділсіз болса, би оңбас,
Әйелсіз болса, үй оңбас.
***
Әке болу – табиғат заңы,
Әкелік борыш атқару – адамгершілік заңы.
***
Әке-шешесіне жаман сөз айтқан
кісіні өлтіруге тиісті.
***
Әлсіз айыпты.
***
Әлсіз әр уақытта айыпты.
***
Әңгіме бұзау емізер,
Бұзау таяқ жегізер.
***
Әр айып сайын бас кесілсе,
Дүниеде тірі жан қалмас.
***
Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа.
***
Әр патшаның заңы басқа,
Әр дәуірдің сөзі басқа.
***
Әулекі би ат үстінен билік айтар.
***
Әуелі қазы болды,
Сонан соң қажы болды,
Ақырында ала аяқтың өзі болды.
maqal-matel.kz
