Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.
***
Әділ туған заң жақсы.
***
Әділетсіз төренің елі тозады,
Қатыны жаман жігіттің жеңі тозады.
***
Әзірейіл жанға ортақ,
Отанның жаман ұлы малға ортақ.
***
Әйелді жаман десең, анаң оның ішінде.
***
Әйелдің дауысы қатты шыққан үйің
босағасынан жақсылық күтпе.
***
Әйелдің жақсысы
Ерімен ойласады.
***
Әйелі жаман еркектің жаман аты шығады.
***
Әйелің жақсы болса, бағыңның асқаны,
Жаман болса, қараның басқаны.
***
Әйелің жақсы болса,
Сыртта тұрып дыбыс ет.
Әйелің жаман болса,
Үйге кіріп оңбас ет.
***
Әйелің жаман болса,
жұрттың тыныштығынан не пайда?
Етігің тар болса,
дүниенің кеңдігінен не пайда?
***
Әйелің жаман болса, көңілің жарым,
Атың шабан болса, талар қарың.
***
Әйелің жаман болса, қонағың кетеді,
Балаң жаман болса, бағың кетеді.
***
Әйеліңнің кемшілігін айтпасаң,
Кінәлі өзің боласың.
***
Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.
***
Әке-шешесіне жаман сөз айтқан
кісіні өлтіруге тиісті.
***
Әкем өлгені маған жақсы,
Көпшігі көтіме жақсы.
***
Әкенің ең жақсысы жездедей-ақ.
***
Әкенің жақсылығы жездедей-ақ.
***
Әкең жақсы кісі еді,
Жел жағыңа пана еді.
Анаң жақсы кісі еді,
Жетімдерге ана еді.
***
Әкім тура болмаса, жұрт бұзылар,
Саудагер жаман болса, нарық бұзылар.
***
Әкімге қарсылық қылма,
Күніңе кемшілік келер.
Молдаға қарсы болма,
Дініңе кемшілік келер.
***
Әкімменен қарсы болсаң, күнің жаман,
Молдаменен қарсы болсаң, дінің жаман.
***
Әкімнің қарсысы болсаң, ісің жаман,
Молданың қарсысы болсаң, дінің жаман.
***
Әмірдің алдында сөйлегеннен, тыңдаған жақсы.
***
Әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.
***
Әркім жолдас болады амандықта,
Бөркін тастап қашады жамандықта.
***
Әркім жолдас болады амандықта,
Бір күн тастап қашады жамандықта.
***
Әркім жолдас болады амандықта,
жаман тастап кетеді жамандықта.
***
Әркім өзі күтеді өз басын,
Жаман кемітеді жолдасын.
***
Әркімнің өз қотырын өзі қасыған қандай жақсы.
***
Әрне көрсең тірлікте,
Сыйласқан жақсы бірлікте.
***
Әруақты сыйласаң, түсіңнен шықпайды,
Жаманды сыйласаң, үйіңнен шықпайды.
***
Әттең, жарлылық жақсы екен,
Жатып ішер ас болса.
***
Әуедегі тырнадан қолыңдағы шымшық игі.
***
Әуелгі сөзі рас болса,
соңғы сөзінің өтуіне жақсы.
***
Әуелгі сөзің рас болса,
Соңғы сөзіңнің өтуі жақсы.
maqal-matel.kz
