Бақа бастаған қол оңбайды.
***
Бақа батпағын сағынар.
***
Бақа батпағында,
Балық көлінде.
***
Бақа деген бәледен бастан құлақ садаға.
***
Бақа жарығы суменен,
Қатын жарығы ерменен.
***
Бақа көлін сүйеді,
Бұлдырық шөлін сүйеді,
Ер жігіт елін сүйеді.
***
Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.
***
Бақа сисе, көлге сеп.
***
Бақа сисе, көлге сеп,
Жақсы қатын малға сеп.
***
Бақаға күнде той.
***
Бақаны алтын таққа отырғызсаң да,
Батпақты көргенде шоршып түсер.
***
Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
***
Бақаның тойы батпақта.
***
Бақаның тілін балық біледі.
***
Бал қайда болса, ара сонда.
***
Балақтағы бит басқа шығады.
***
Балығынан болар ма,
Бақасынан болар ма.
***
Балық жоқта бақа да балық.
***
Балық пенен бақаның тілі бір,
Құмалақшы мен бақсының жөні бір.
***
Балық суында,
Бақа сазында.
***
Балық үндес, бақа тілдес.
***
Бар барын айтады,
Бақа бұтын тырбайтады.
Көрген адам көргенді айтады,
Көтерген әркім өтпегін сатады.
***
Бассыз жерге жалшы айғыр,
Балықсыз көлге бақа айғыр.
***
Башқұрт басында бар бес құрт,
Арқасында бар алты құрт,
Желкесінде бар жеті құрт.
***
Бит ашуын сіркеден алады.
***
Бит қабығынан биалай тоқыған.
***
Битке өкпелеймін деп, тоныңды отқа жақпа.
***
Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа.
***
Битке өкпелеп,
Тоныңды отқа салма.
***
Битке пышақ суырма.
***
Боқ шыбынға сәлем айт,
Боққа айналып қалмасын.
***
Болжалсыз таң атпайды,
Ажалсыз жан шықпайды.
Құдайдың бұйрығынан басқа
Құмырысқаның аяғы сынбайды.
***
Бұйрықсыз шыбын шақпас.
***
Бүрге тұту үшін де бармағыңды сулайсың.
***
Білмегенім – бит,
Емдемегенім – ит.
***
Бір көлдің тынышын бір бақа бұзады.
maqal-matel.kz
