Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз ерер.
***
Ағаш біткенді жүкті қылатын – жел.
***
Адамды сөз бұзады,
Қаңбақты жел бұзады.
***
Адамзатты сөз бұзады,
Тау мен тасты жел бұзады.
***
Ай артынан ай өтер,
Атпен қусаң жеткізбес.
Жыл артынан жыл өтер,
Желмен қусаң жеткізбес.
***
Ай артынан ай туады,
Атқа мініп қусаң жетпейсің.
Жыл артынан жыл туады,
Желге мініп қусаң жетпейсің.
***
Ақсақ қойдың аузына
Жел айдаған қаңбақ түсер.
***
Ақсақ түйенің аузына
Жел айдаған қаңбақ түсер.
***
Ақылды жел де ұшырмас, ұры да ұрламас.
***
Арғымаққа жел қамшы.
***
Ат үсті – жел.
***
Ауыз – дарбаза, сөз – самал.
***
Ауыз – дарбаза, сөз – самал,
Құдай ұрғанға не амал.
***
Ашулансаң, қолыңнан не келеді,
Еңкейгенде астыңнан жел енеді.
maqal-matel.kz
