Б

Бағың асқан шағында,
құзғын салсаң қаз ілер,
бағың қашқан кезінде,
сайгүлігің құр қалар.
***
Бағың тасыған кезінде
Шобыр қоссаң, бәйге алар.
Бағың қашқан кезінде
Сәйгүлігің құр қалар.
***
Байтал – жүйрік, парқы жоқ,
Қатын – шешен, нарқы жоқ.
***
Байтал озып, бәйге алмас.
***
Байтал шауып бәйге алмайды,
Құнан шауып құр қалмайды.
***
Байтал шауып бәйге алмас.
***
Бала ақылды болса,
Ата-ананы оздырады.
Желбуаз, жетесіз болса,
Жерге қаратып, тоздырады.
***
Баптап шабанды салса да,
Жүйріктен шабан озбайды.
***
Бар қашаған құтылмас,
Жоқ қашаған жеткізбес.
***
Батыр болсаң, жау қайтар.
***
Батырдан сауға,
Бәйгеден олжа.
***
Батырды жеңуге болады,
Қатынды жеңуге болмайды.
***
Бейшара «көндім» дейді,
Беті қара «жеңдім» дейді.
***
Бөтен ауылдың аты озғанша,
Өз ауылыңның тайы озсын.
***
Бұрын шыққан құлақтан,
Кейін шыққан мүйіз озады.
***
Бірлік еткен озады,
Бірлігі жоқ тозады.

maqal-matel.kz