Әй, жарандар, қараңдар,
Айдалада от жанар.
***
Әйел – ерімен,
Диқан – жерімен.
***
Әйел жерден шыққан жоқ,
о да еркектің баласы,
ерлер көктен түскен жоқ,
әйел оның анасы.
***
Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.
***
Әйел – үйдің көркі,
Еркек – түздің көркі.
***
Әйелің жақсы болса,
Қартайғанша қызбен тең.
Әйелің жаман болса,
Күнде басқан сызбен тең.
***
Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт,
Балаңа адам жоқ жерде ақыл айт.
***
Әке – балаға қарыз,
Бала – далаға қарыз.
***
Әке болу – табиғат заңы,
Әкелік борыш атқару – адамгершілік заңы.
***
Әкең мұрап болғанша,
Отырған жерің ой болсын.
***
Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.
***
Әрбір топырақ аяласаң, иеді,
Әрбір жапырақ саяласаң, сүйеді.
***
Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
***
Әркімнің өз жері – ұжмақ.
***
Әуелгі қыстау – жердің құты,
Әуелгі әйел – ердің құты.
***
Әуелі Тәңір жерге береді,
Жерге берсе, елге береді,
Елге берсе, ерге береді.
***
Әупілдек деген бір құс бар,
Даусы жер жарады.
Қасына барсаң торғайдай.
maqal-matel.kz
