Абиырлы жігіттің
Алғашқы ұрлығы ашылсын.
***
Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.
***
Абыройлы жігітке
Ажалды қоян жолығады.
***
Аға болар жігіттің
Етек-жеңі кең келер.
Арғымақ болар құлынның
Жал, құйрығы дөңгелер.
***
Ағайынды жігіттің отарында малы бар,
Жалғыз-жарым жігіттің шығыр-шықпас жаны бар.
***
Ағаштың қисығы тезге түседі,
Жігіттің қисығы көзге түседі.
***
Адал адам аңқау келеді,
Сорлы жігіт жалқау келеді.
***
Адам болар жігіттің етек-жеңі кең келер.
***
Адам болар жігіттің етек-жеңі кең болар,
Қошқар болар қозының мұрын жағы дөң келер.
***
Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
***
Адам болатын жігіт –
Әуелі өз намысын билейді.
Сонан соң ауылын билейді,
Сонан соң аймағын билейді.
***
Адам болатын жігіт,
алдыменен өз нәпсісін билейді,
сонан кейін ауылын билейді,
ауыл билеген аймағын билейді.
***
Адамсыған жігітті үйінде көр,
Атсынған айғырды үйірінде көр.
***
Адасқан жігіт жол таппас.
***
Азусыз ат,
Азулы бие мінген жігіттің арманы жоқ.
***
Азығы жоқ ит – бөрі болар.
Азығы жоқ жігіт – ұры болар.
***
Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.
***
Азынаған айғырдың үйірін көр,
«А» деген жігіттің үйін көр.
***
Азынаған айғырдың үйірін көр,
Менменсіген жігіттің үйін көр.
***
Ай сұлу көрінер толғаннан соң,
Жігіт асып сөйлейді болғаннан соң.
***
Ай – толғанның белгісі,
Жігіт – болғанның белгісі.
***
Ай – толғанын білмес,
Жігіт – болғанын білмес.
***
Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десең нанғысыз,
Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз.
***
Ақ серке қой бастайды.
Ақын жігіт той бастайды.
***
Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тидірмес.
Ер жігітке оқ тисе,
Қиналғанын білдірмес.
***
Ақсұңқар торға жолығар,
Арғымақ орға жолығар.
Менменсіген жігіт,
Өзінен зорға жолығар.
***
Ақсұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туар ел үшін.
***
Ақылды әйелді ханым де,
сөз ұғатын жігітті жаным де.
***
Ақылды жігіт атқа да мінер,
Таққа да мінер.
***
Ақылды жігіт әр істің тегін ойлайды,
Ақылсыз жігіт түсетін жемін ойлайды.
***
Ақылды жігіт күндей жарқырайды,
Ақылсыз жігіт күлдей бұрқырайды.
***
Ақылды жігіт – ойшыл,
Ақылсыз жігіт – тойшыл.
***
Ақылсыз жігіт аптығар,
Арыс жауды жеңгендей.
Айласыз келін шаптығар,
Айғыр бол деп бергендей.
***
Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз асау.
***
Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз ат.
***
Ақылсыз сәнқой жігіттен
Ақылды тонды артық.
***
Ақымақ жігіт атанын тілдеп,
Атын мақтайды.
Атасын тілдеп,
Қатынын мақтайды.
***
Ақын жігіт той бастар,
Батыр жігіт қол бастар,
Шешен жігіт дау бастар.
***
Алғаны жақсы жолықса,
Жігіт тағы жасарар.
***
Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.
***
Алғыс алған жігіттің
Аты бәйгеден келеді.
***
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Күні келген уақытта жігіт аттай желеді.
***
Алты ұл тапқан әйелді
«Ханым» десең болмас па,
Аға деген жігітті
«Жаным» десең болмас па!
***
Алты ұл тапқан әйелді «ханым» десең болмас па,
Ата деген жігітті «жаным» десең болмас па.
***
Алтын белдік – бел сәні,
Асы жігіт – ел сәні.
***
Алтын тапқан әйелді
«Ханым» демей не дейміз.
Өзі болған жігітті
«Жаным» демей не дейміз.
***
Алшаңдаған жігітті үйінде көр.
***
Алысқа шабар жүйрік бол,
Намысқа шабар жігіт бол.
***
Ар, намысы бар жігіттің
Жолдасы бар жолында.
Ар, намысы жоқ жігіттің
Ұяты бар қолында.
***
Арғымақ аттың құйрығы,
әрі жібек, әрі қыл,
ер жігіттің белгісі,
әрі мырза, әрі құл.
***
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз,
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.
***
Арқасы бүтін атқа арықтық жоқ,
Борышсыз жігітке кедейлік жоқ.
***
Арқыраған айғырды үйірде көр,
Аңқылдаған жігітті үйінде көр
***
Арқыраған айғырды үйірінде көр,
Адамсыған жігітті өз үйінде көр.
***
Арқыраған айғырдың үйірін көр,
Менменсінген жігіттің үйін көр.
***
Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ.
***
Арманы жоқ жігіттің,
Пәрмені жоқ.
***
Ары жоқ жігіттен намысы бар қыз артық.
***
Арық ат – тулақ,
Ашаң жігіт – қунақ.
***
Арыстанда бір жігіттің күші,
Қырық жігіттің жүрегі бар.
***
Арыстандай жігітте
Алатаудай үміт бар.
***
Арыстанды арыстандай жігіт алар.
***
Асауды бас білдіретін жігіт бар,
Адамды аздырмайтын үміт бар.
***
Асқар тауға жарасар, басындағы обасы,
айдын көлге жарасар, сылдырлаған қоғасы,
ер жігітке жарасар, қолындағы найзасы.
***
Асыққан ісін бітірмес,
ақылды жігіт атын жітірмес.
***
Атақ азаматтікі,
Билік әділдікі.
***
Ат жақсы болса, атасын сұрайды,
Жігіт жақсы болса, нағашысын сұрайды.
***
Ат жақсысы көрмеде,
Жігіт жақсысы түрмеде.
***
Ат жақсысы – шанада,
Жігіт жақсысы – саудада.
***
Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.
***
Ат онында, жігіт отызында толады.
***
Ат тоғызында толады,
Жігіт отызында толады.
***
«Ата» деген жігітті,
«жаным» десе болмас па!
***
Аталы айғыр үйірін
Жауға алдырмас.
Ата көрген жігіт
Ауылын дауға алдырмас.
***
Аттан ат қалса, аяғын кес,
Жігіттен жігіт қалса, құлағын кес.
***
Аттың сүріншегі,
Жігіттің еріншегі жаман.
***
Аты аталмаған жігіттен,
Аты аталған төбе артық.
***
Аты атанбаған жігіттен
Аты атанған төбе артық.
***
Аты шабан болса,
Қатыны жаман болса,
Жігіттің көрген күні құрысын.
***
Аты шықпаған жігіттен,
Аты шыққан дөң артық.
***
Ауыр жігіт дегенше, ауру жігіт десейші,
Шабан жігіт дегенше, жаман жігіт десейші.
***
Ашық әйелден ақымақ жігіт дәметеді.
***
Аяңшыл ат арымас,
Білімді жігіт тарылмас.
maqal-matel.kz
