Б

Бабын таппай салғанмен,
Қыран бүркіт ұша алмас.
Жігіттікті қор қылған,
Сұлу қызды құша алмас.
***
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.
***
Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.
***
Балалық өтті дегенше,
Жігіттік кетті десейші.
***
Баланың тентек болғаны үйінен,
Жігіттің тентек болғаны биінен.
***
Балуанға түсер жігіттің
Көңілін аулап, сөзін ал.
***
Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.
***
Батыр емей немене атқан жігіт,
Қатын емей немене қашқан жігіт.
Мың жылқылы байыңды елер ме екен
Оразасын үйінен ашқан жігіт.
***
Батыр жігіт – жау көркі,
Шешен жігіт – дау көркі.
***
Батырлардың мықтысы қарушы болады,
Жігіттердің сұлуы бауыршы болады.
***
Батырсынған жігітті
Жау келгенде көрерміз.
***
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсіген жігітті топ ішінде көрерміз.
***
Батырсынған жігітті жау келгенде көріңіз.
***
Би болатын жігіттің
Етек-жеңі мол болар.
Қошқар болар қозының
Маңдайы жуан, дөң болар.
***
Бидайдың кеудесін көтергені –
Дәнінің жоқтығы.
Жігіттің кеудесін көтергені –
Ақылының жоқтығы.
***
Бозбала бастаған көш оңбайды,
Құралай бастаған киік оңбайды.
***
Бозбаланың бастаған елі оңбайды,
Құралай бастаған киік оңбайды.
***
Бойдақ жігіт жұрт күйеуі.
***
Бойдақ жігіт қыз келсе семіреді.
***
Бойдақ жігітке елу құлаш бөзден де ыстан шықпайды.
***
Бойдақтың ақылы – екі көз.
***
Болат жүзінен су ішеді,
Жігіт көзінен су ішеді.
***
Бөрі алар жігіттің бөркінен белгілі.
***
Бөрі алатұғын жігітің бөркінен танылар.
***
Бүркітін мақтағанның ұясын сұра,
Жігітін мақтағанның нағашысын сұра.
***
Білім алар жігіттің оқу болар ермегі.
***
Білімді жігіт еліне – ашылып есік, иіліп бесік болар.
***
Білімді жігіт жұртқа әрі басшы, әрі құл.
***
Бір жас жігіт айтыпты:
«Ұзын бойлы ақымақтан,
Қысқа бойлы ақылды артық».
***
Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.
***
Біреудің мысығын «піш» демейтін жігіт.
***
Бітуі жаман қамысты
Су ішінде өрт алар.
Жүрісі жаман адамды
Ел ішінде жау алар.
***
Бітісі жаман қамысты су ішінде өрт алады,
Жетесі жаман жігітті ажалдан бұрын дерт алады.
***
Бітісі жаман қамысты
Су ішінде өрт алады.
Туысы жаман жігітті
Түйе үстінен ит қабады.

maqal-matel.kz