Байға бар, қырға бар,
Әкең салған жолға бар.
***
Байлық іздеп, мақтан тілеп жортқан да,
Жарасады кісілігі артқанға.
***
Бақ адасса, батпаққа қонады.
***
Бақыт жолы біліммен табылады.
***
Бақыттың жолы біліммен ашылады.
***
Бала – артта қалған із,
Бақыт – ұзатылған қыз.
***
Балта шапқанша, дөңбек жол табады.
***
Бар қарындас батуда болмасын,
Жоқ қарындас жолда тұрмасын.
***
Бар қарындас батуда болмасын,
Жоқ қарындас жолда болмасын.
***
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
***
Барар жол ұзақ болса да,
Қайтар жол қысқа болар.
***
Барлық ауру бір жолмен келеді –
Қомағайлық арқылы.
***
Бас-басыңа би болсаң,
Мына тауға симайсың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймейсің.
***
Басынан байқамасаң,
Аяғынан адасасың.
***
Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.
***
Батырдан да жолды игі.
***
Батырдың жолы игі.
***
Бектер болса ессіз,
Бұзылады ескі із.
***
Бедекшінің малы жең ішінде,
Алдамшының малы ерні үшінде.
***
Белгі болмаса, жол бұзылады,
Білім болмаса, сөз бұзылады.
***
Белгісі болса, жолдан жаңылмас,
Білімі болса, сөзден жаңылмас.
***
Берейін деген қолына,
Шығарып салар жолына.
Бермеймін деген қолына,
Табылмайды пұлына.
***
Берейін деген құлына,
Айдап салар жолына.
Бермейін деген құлына,
Іздесе табылмас пұлына.
***
Берсе, қолынан,
Бермесе, жолынан.
***
Бидайды қуырған құртады,
Қойды шұбырған құртады.
***
Бидің жолы – ақ, судың жолы – сара.
***
Биыл ізі болса, келер жылы өзі болар.
***
Бос жүрме,
Босқа жүгірме.
***
Бөрі азығы мен ер азығы жолында.
***
Бұру да болса, жол жақсы,
Соқыр да болса, қыз жақсы.
***
Бұрылмай жүрген бұрын жетеді.
***
Бұрын жүрген із салар,
Көп іздеген бір табар.
***
Білген жолыңды атаңа берме.
***
Білмегенді білуге тырыс,
Тура жолмен жүруге тырыс.
***
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,
Кісіден білім білген бәле қашар.
***
Білім өрге жетелейді,
Жолдың турасын төтелейді.
***
Білімдар жанның ізін кес.
***
Білімді болса – жолдан,
Көргенді болса – сөзден жазбас.
***
Білінген із біреудің жүргенін білдіреді.
***
Білініп жатқан із біреудің жүріп өткенін білдіреді.
***
Бір жол бар – алыс, алыс та болса – жақын.
***
Бір жол бар алыс,
Алыс та болса, жақын.
Бір жол бар жақын,
Жақын да болса, алыс.
***
Бір күндік жолға шықсаң,
Үш күндік жол азық ал.
***
Бір сапар ат арытпас,
Жаман жолдасын жарытпас.
maqal-matel.kz
