Жомарттық, мырзалық, сараңдық
***
Ағын су арам болмайды
Ақылды сараң болмайды.
***
Адамның жаманы – мылжың,
Жақсысы – жомарт.
***
Ақша ақылды адамның да көзін тұндырады,
Ашкөздік ұшқан құсты да торға түсіреді.
***
Ақылды арын қорғайды,
Сараң малын қорғайды.
***
Ақылды болу сараңға да жарасады.
***
Ақылды деп айтса болар
Айттырмай білгенді.
Жомарт деп айтса болар
Сұратпай бергенді.
***
Ақылдының алды – ағып жатқан дария,
сараң адамның алды – қу-тақыр, шөл дала.
***
Ала білсең, бере біл.
***
Алаған қолым береген.
***
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.
***
Алғанға бар,
Бергенге жоқ.
***
Алдымен өзімді, сонан соң келесімді жарылқа.
***
Арғымақ аттың құйрығы –
Әрі жібек, әрі қыл.
Қас мырзаның белгісі –
Әрі мырза, әрі құл.
***
Арғымақ аттың құйрығы –
Әрі жібек, әрі қыл.
Қас жақсының белгісі –
Әрі мырза, әрі құл.
***
Аруаққа Құран оқи берсең,
Түсіңнен шықпайды,
Қайыршыға садақа бере берсең,
Үйіңнен шықпайды.
***
Ас көп болса, кәде көп.
***
Асыл сөз – арнап берген сыйдан артық.
***
Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.
***
Аты жадау дегенше,
Иесі қарау десеңші.
***
Атым шықсын десең, асыңды аяма.
***
Атым шықсын десең, жомарт бол.
***
Атымды шығарам десең, асыңды сайла.
***
Атымтай кеткенімен, халықта аты қалды.
maqal-matel.kz
