«Әй» деген ат басын бұрғанша,
«Ай» деген ат аунап тұрғанша.
***
Әлсіз әр уақытта айыпты.
***
Әншейінде бұл жұрттың бәрі мерген,
Жортады қараңғыда кәрі мерген.
***
Әр айдың аты басқа.
***
Әр айдың шөбі басқа,
Әр дәуірдің сөзі басқа.
***
Әр нәрсе уақытымен қызықты.
***
Әр істі өз мезгілінде істеу керек,
Мезгілімен істелмеген іс құнтсыз.
***
Әркім жолдас болады амандықта,
Бір күн тастап қашады жамандықта.
***
Әсет, егініңді жасат.
***
Әтешке «шақыр» десең, «мезгілі болсын» дейді.
maqal-matel.kz
