Бағың шауып тұрғанда
Биең егіз туады.
Бағың қайтқан шағыңда
Ешкің қысыр қалады,
Малыңа індет шабады.
***
Байқап сөйлегеннің ерні ауырмайды,
Аңдап кескеннің бармағы ауырмайды.
***
Байлық – байлық емес,
Денсаулық – байлық.
***
Байлықтың алды – денсаулық.
***
Байлықтың басы – денсаулық.
***
Бақсы көрінсе, дерт қозады,
Ұста көрінсе, таға тозады.
***
Бақсыны көрсе, аурудың дерті қозады,
Ұстаны көрсе, айылбас тозады.
***
Бақсының емі өзіне қонбайды.
***
Бақсының жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.
***
Бақылдық – айықпас ауру.
***
Бала жасындағыны ұмытпайды,
Таз басындағысын ұмытпайды.
***
Бала жүгірсе, қарттың қарап отырып аяғы ауырады.
***
Балаға жанның ашуы бірдей,
Қай қолыңды кессең де,
Жанға батуы бірдей.
***
Балық – сақау,
Жұмыртқа – бітеу.
Қой аман,
Қасқыр тоқ.
***
Барлық ауру бір жолмен келеді –
Қомағайлық арқылы.
***
Барлық аурудың дәрісін тауып бере бермейді.
***
Бас аманда мал тәтті.
***
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
***
Бас ауырса, жан қорқар.
***
Бас ауырса, жан қорығады.
***
Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
***
Бас сау болса, басқа бөрік табылар.
***
Басты балта бұзады,
Жылқыны маңқа бұзады.
***
Басты балта бұзар,
Жылқыны маңқа бұзар.
***
Басты бұзған балта,
Істі бұзған маңқа.
***
Басты бұзған маңқа.
***
Басы аманның Құдаймен ісі жоқ.
***
Басы аманның малы түгел.
***
Басы ауырған бақсы-балгерге тоймайды.
***
Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы кісі жақсыға барады.
***
Басы ауырып, балтыры сыздамағанның
Тәңірмен ісі жоқ.
***
Басқан шөбің – басыңа ем.
***
Басы ауырып, басы сыздамағанның – Тәңірмен ісі жоқ.
***
Басың ауырса, бақсы ізде.
***
Басың ауырса, палшы ізде.
***
Басыңа пәле келсе,
Жақсыға ісің түседі.
Басыңа кесел келсе,
Бақсыға ісің түседі.
***
Батыр ұлды жауыр етпе,
Жүйрік арқасын жара етпе.
***
Батырға жара да жарасады.
***
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас,
Мырзалық қонаққа пайда, малға қас,
Өткір сөз дауға пайда, ауруға қас.
***
Беземе тілді бекер, болар қамшы,
Дәрісі оның у ғой бір-ақ тамшы.
***
Бейкүнә адамға тіл тигізу –
Сау тамырды қандауырмен осқылаумен бірдей.
***
Бес бармақтың біреуін тістесең де,
Бәрі бірдей ауырады.
***
Бес бармақтың бірін шапсаң, бәрі аурады.
***
Биі әділ болса, елінде бір дау болмас,
Жаман биге барған адам сау болмас.
***
Боранды күннің райы басқа,
Ауыратын адамның шырайы басқа.
***
Бота қотыр болса, енесін былғайды,
Енесі келесін былғайды.
***
Бұл ауырудан жаным қалса,
Ендігі ауырудың алдымен.
***
Бұру да болса, жол жақсы,
Соқыр да болса, қыз жақсы.
***
Бұрынғы жалақ болған жерге ер батқыш.
***
Бұрынғы жеңешем
Кейінгі келінге жөн айтады.
Бұрынғы пұшық
Кейінгі пұшыққа ем айтады.
***
Біздің балада кеміс жоқ,
Қалып тұрғаны – үйлену тойы.
***
Білмегеннен түбінде бас ауырар.
***
Білмегеннің білегі ауырмас.
***
Білмегенім – бит,
Емдемегенім – ит.
***
Біліксіз кісі ауру іспетті,
Ауруды емдемесе, тез өледі.
***
Білім – гауһар бағасы жоқ,
Надандық – дерт, дауасы жоқ.
***
Білім деген – гауһар, бағасы жоқ,
Надандық деген – кесел, дауасы жоқ.
***
Білім соқырдың көзін,
Кереңнің құлағын ашады.
***
Бір ауруға дәрі керек,
Бір ауруға сабыр керек.
***
Бір күлкі денсаулыққа жақсы.
***
Бір тойынның басы ауырды екен деп,
Барлық тойынның басы ауырмайды.
***
Біреудің көзі соқыр,
Біреудің өзі соқыр.
***
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
***
Бітісі жаман қамысты су ішінде өрт алады,
Жетесі жаман жігітті ажалдан бұрын дерт алады.
maqal-matel.kz
