Д

Дауыл болмай, жауын болмас,
Шуақ болмай, қауын болмас.
Ит балалап, сауын болмас,
Екі дау ақыры ауыл болмас.
Ауыл болса да, тәуір болмас.
***
Дауыл болмай жауын болмас,
Шуақ болмай қауын болмас.
Ит балалап сауын болмас,
Екі даугер ауыл болмас,
Ауыл болса да ақыры тәуір болмас.
***
Диқанның аяғы маймақ,
Жүрген жері – гүлді аймақ.
***
Делдалы көп базардан құт қашады,
Жігіті көп ауылдан жұт қашады.

maqal-matel.kz