Байдың қойы желігіп қасқырға
соқтықса да, аман қалады.
***
Балық – сақау,
Жұмыртқа – бітеу.
Қой аман,
Қасқыр тоқ.
***
Болбыраған бөріні бұзау жалар.
***
Боранды күн бөрі жатпайды.
***
Бөлтірікті асырағанымен ит болмас.
***
Бөлінгенді бөрі жейді.
***
Бөлінгенді бөрі жейді,
Жарылғанды жау жейді.
***
Бөрене арқылы бөрі қума.
***
Бөрі азығы мен ер азығы жолда.
***
Бөрі алар жігіттің бөркінен белгілі.
***
Бөрі алатұғын жігітің бөркінен танылар.
***
Бөрі арығын білдірмейді.
***
Бөрі арығын білдірмес,
Итке жүнін қампайтар.
***
Бөрі баласын асырасаң, ит болмайды.
***
Бөрі баласын бөркіңе салсаң, ит болмас.
***
Бөрі баласын бөрікке салсаң, еш болмас.
***
Бөрі бөрік астында.
***
Бөрі де жолдасына қас қылмайды.
***
Бөрі етіңіз бандалық.
***
Бөрі жеген бөксемді
Ит несін аяйды.
***
Бөрі кәрісін жайғар.
***
Бөрі кәрісін талайды.
***
Бөрі кәрісін ұрады.
***
Бөрі көмеді, түлкі ашады.
***
Бөрі көргенде бірігетін
Ауыл итінің мінезіндей.
***
Бөрі қартайса да, бір қойға күші жетеді.
***
Бөрі қартайса да бір қулық болады.
***
Бөрі қартайса, итке күлкі болар.
***
Бөрі қартайса, тышқаншыл.
***
Бөрі қартайса, тышқаншыл болады.
***
Бөрі қоңсысын жемейді.
***
Бөрі қораға шапқанда,
Аңғал далаға шауыпты.
***
Бөрі таппағанды кәрі табады.
***
Бөріден бөлтірік қанша асырасаң да, бір күні қанға бояйды.
***
Бөріден қорыққан мал жимас,
Тышқаннан қорыққан дән жимас.
***
Бөрік тастап бөріден құтылуға болмайды.
***
Бөрікке салсаң да, бөрі баласы – бөлтірік.
***
Бөрікті тастап бөріден құтылуға болмайды.
***
Бөрілікті қойып, қойшылыққа баста.
***
Бөріні шопан қылсаң,
«Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер.
***
Бөрінің аузы жесе де қан,
Жемесе де қан.
***
Бөрінің бөрілігі қалмайды,
Шошқа қорсылдағанын қоймайды.
***
Бөрінің қартайса да,
Бір қойлық әлі бар.
***
Бөрінің соңынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
***
Бөрінің табысы бөлісте,
Құзғынның табысы ағаш басында.
***
Бөрінің тойына барсаң,
Бөрібасарды ерте бар.
***
Бөрінің ұлығанын қасқыр естімейді,
Қасқырдың ұлығанын бөрі естімейді.
***
Бөрішіктің баласы бөрі алмаса да, түлкі алады.
***
Бөспе атаққа қызығады,
Бөрі тамаққа қызығады.
***
Бір бөрінің баласы алты болар, бес болар,
Абзалы оның бір болар.
Абзалынан айрылса,
Әрқайсысы әр далада
Әрбір итке жем болар.
***
Бір заманда бөрі едік,
Тайды басып жер едік.
***
Бір қора қасқырды бір қойға бақтырса,
Бәрі қой болып кетеді.
Бір қора қойды бір қасқырға бақтырса,
Бәрі қасқыр болып кетеді.
***
Бір түлкі жеті бөріні алдайды.
***
Біреуі бүркіт, біреуі үкі болды,
Біреуі қасқыр, біреуі түлкі болды,
Момын қара шаруа залымдардың мүлкі болды.
maqal-matel.kz
