Дайын асты алдына тосса,
Ешкім оны «жоқ екен» деп ойламас.
***
Дайын асты алдына тосса, жоғын іздемейді,
Барын алдына тосса, басқаны іздемейді.
***
Даладағы май жесе, үйдегі қан құсады.
***
Дария суын ешкім де ішіп тауыса алмайды.
***
Дастарқансыз ас – шашсыз бас.
***
Даяр астың атасы көп,
Қырт сөздің қатесі көп.
Далаға түнеген малдың иесі көп.
***
Дастарқан басында аяқ көсілмес.
***
Дәм айдаса, қалмаспын,
Адам айдаса, бармаспын.
***
Дәм тартпаса, барман,
Ажал айдаса, қалман.
***
Дәм татқан құдығыңа түкірме.
***
Дәм татқан құдыққа түкірме.
***
Дәметпеген астан құр қалады.
***
Дәмін байқап татпаса,
Пысқан аста шикі бар.
Байқап сырын тартпаса,
Адамда да түлкі бар.
***
Дәулеттінің дәмінен.
***
Денім сау болсын десең, көп жемегін,
Құрмет тұт, лепіріп көп сөйлемегін.
***
Диқан еккенін жейді,
Шаруа – баққанын.
***
Дос зынданда жатқанда керек,
Дастарқан үстінде дұшпан да дос.
***
Дос табылмас,
Дос табылса, ас табылмас.
***
Дос табылса, ас табылмайды,
Ас табылса, дос табылмайды.
***
Доспенен алыс-беріс қылма,
Асты бірге іш.
***
Доссыз өмір – тұзсыз ас,
Достық құлпын байқап аш.
***
Достық астан танылмас, істен танылар.
***
Досы жоқ басым,
Тұзы жоқ асым.
***
Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді.
***
Досыңа ет турат,
Дұшпаныңа шәй құйдыр.
***
Досыңның асын дұшманыңдай іш.
***
Досыңның асын дұспанша іш,
Дұспаныңның асын досша іш.
***
Досыңның асын дұшпаныңдай же!
***
Дүниенің басы – сайран,
Аяғы – айран.
maqal-matel.kz
