Даңқтың аты білімге байланысты.
***
Дұшпансыз ердің аты шықпас.
***
Дүние жиып артыңа мүлік қалдырғанша,
Адамшылық даңқ қалдыр.
***
Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.
***
Дүние-малды атақ үшін жияды.
***
Дүниеге жаям десең, атыңды,
Жолаушыға жақсылық қыл татымды.
maqal-matel.kz
