Д

Десе, Құдай құрасын,
Еңбек етіп, сұрасын.
***
Дос береді, жар береді,
Бәрін Құдай бергізеді.
***
Дос болып, достың көңілін таба алмасаң,
Дос болмас, дос сыртынан жамандасаң.
Тәңірі атар ер дұспанды табалаған.
***
Дұспанды жамандағанды,
Досты жамандағанды Тәңірі табар.
***
Дүниеде тек қана бір Құдай мұңсыз.
***
Ділгер ердің қажетін сен өтесең,
Сенің мұғдар ісіңді Құдай бітіреді.

maqal-matel.kz